«KEGOC» АҚ 2016 жыл қорытындылары бойынша дивидендтер төленгендігі туралы

Қазақ

«KEGOC» АҚ 27.06.2017 ж. «KEGOC» АҚ 2016 жылға жай акциялар бойынша (KZ1C34930012) дивидендтер төленгендігі туралы хабарлайды.

1. 2016 жылғы қызмет қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтерді төлеу туралы шешімді 2017 жылғы 12 мамырда «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы қабылдады (№ 6 хаттама).

2.Дивидендтер төленетін кезең – 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейін.

3.Бір жай акцияға дивиденд мөлшері – 28,13 теңге  (жиырма сегіз теңге 13  тиын).

4.«KEGOC» АҚ акционерлеріне дивиденд түрінде төленуге тиіс қаражаттың жалпы сомасы – 7 313 760 899,30 теңге (жеті миллиард үш жүз он үш миллион жеті жүз алпыс мың сегіз жүз тоқсан тоғыз теңге отыз тиын).

5.«KEGOC» АҚ акционерлеріне дивиденд түрінде төленген қаражаттың жалпы сомасы – 7 313 760 899,30 теңге (жеті миллиард үш жүз он үш миллион жеті жүз алпыс мың сегіз жүз тоқсан тоғыз теңге отыз тиын).

6.«KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша 2016 жыл қорытындысы бойынша дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімі 2017 жылғы 22 мамыр 00 сағат 00 минуттағы жай-күйі бойынша тіркелген.

7.«KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша 2016 жылдың қорытындысы бойынша дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімі тіркелген күні  «KEGOC» АҚ-да сатып алынған 1 390 жай акция болды. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 4-тармағына сәйкес қоғам сатып алған акциялар бойынша дивидендтер төленбейді.