«KEGOC» АҚ 2019 жыл қорытындылары бойынша жай акцияларға дивиденттер төледі

Қазақ

2020 жылғы 11 маусымда «KEGOC» АҚ 2019 жыл қорытындылары бойынша дивиденттер төледі. 

2019 жыл қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивиденттер төлеу туралы шешім 2020 жылғы 29 мамырда (№ 17 хаттама) өткізілген «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысында қабылданды. 

Акционерлердің жалпы жиналысы дивиденттер төлеуге арналған соманы 12,7 млрд. теңге мөлшерінде бекітті немесе бір жай акцияға шаққанда 48,86 теңге. 

Осылайша, 2019 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындылары бойынша төленген дивиденттерді есепке алғанда 2019 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша төленген дивиденттердің жалпы сомасы 30,1 млрд. теңгені құрады («KEGOC» АҚ шоғырландырылмаған таза кірісінің 100%-ы) немесе бір жай акцияға шаққанда 116,03 теңге. 

2019 жыл қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ жай акцияларына дивиденттер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2020 жылғы 9 маусымдағы жай-күй бойынша тіркелді.