«KEGOC» АҚ 2020-2021 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын алды

Қазақ

ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті «KEGOC» АҚ-ға 2020-2021 жж. күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын берді.

Биыл КЕGОС электр желілік нысандардың КҚК өтуіне дайындау бойынша жөндеу жұмыстарын күн жылына салысымен, яғни көктемнің алғашқы күндерінен бастады. Ең алдымен, компанияның әуе электр жеткізу желілеріне және қосалқы электр станцияларына жөндеу жүргізілді. Барлығы 95 электр жеткізу желісі мен 56 бірлік қосалқы станция жабдықтары жөнделді, сондай-ақ ғимараттарға, құрылыстар мен арнайы техникаларға жөндеу жүргізілді. Бұдан басқа, материалдардың, қосалқы бөлшектердің, конструкциялардың авариялық қоры толтырылды, трансформатор майы мен жанар-жағармай материалдарының жеткілікті қоры жасалды.

Бұл Қазақстанның ұлттық электр желісінің сенімді жұмысын және жүктемелердің күзгі-қысқы максимумын сәтті өтуін қамтамасыз ету үшін қажет.

Жөндеу және алдын алу жұмыстарының кестесі елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып жасалғанын атап өткен жөн. «КЕGОС» АҚ осы қиындықтарды сәтті еңсеріп, компанияның КҚК-ге өтуге әзірлік паспортын алды.

Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Қызметінің негізгі түрлері табиғи монополия саласына жатады. Компания балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 26,4 мың км болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 36,0 ГВА-дан астам 80 қосалқы электр станциясы бар. Компанияда 4 мыңнан астам адам қызмет етеді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz