«KEGOC» АҚ 500 кВ «Алма» қосалқы станциясына баспасөз-турын өткізді

Қазақ

20.11.2014

«KEGOC» АҚ 500 кВ «Алма» қосалқы станциясына баспасөз-турын өткізді

Алматы қ.                                                                                        20 қараша 2014

 

2014 жылғы 20 қарашада «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ 500 кВ «Алма» қосалқы станциясына (Алматы облысы) баспасөз турын өткізді.

Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында, электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету және еліміздің оңтүстік өңірлерінің электр тапшылығын жабу мақсатында 2013 жылы «KEGOC» АҚ  «Алматы – Алма» и «ОҚМАЭС-Алма» әуе желілері арқылы Біртұтас электр энергетикалық жүйесіне (БЭЖ) қосылатын 500 кВ «Алма» қосалқы станциясы құрылысын аяқтап, табысты іске қосты.   

500 кВ «Алма» қосалқы станциясын іске қосу Алматы қаласы, Алматы облысы және жалпы алғанда Қазақстанның оңтүстік өңірлерін электрмен қамтамасыз ету сенімділігін айтарлықтай арттырды. Бұрын Алматы энергия торабын сыртқы көздер арқылы электрмен қамтамасыз ету шекті жүктеме жағдайында жұмыс істеген жалғыз қосалқы станция арқылы жүзеге асатын. Алматы өңірін Қазақстан БЭЖ-не қосудың екінші нүктесі саналатын  «Алма» ҚБ жұмыс жасауы нәтижесінде алматылық тұтынушыларды электрмен қамтамасыз ету 500/220 кВ екі қосалқы станциялары арасында бөлінді.

Сонымен бірге, 500 кВ «Алма» қосалқы станциясының іске қосылуын негізінде, Қазақстанның БЭЖ  Солтүстік-Оңтүстік транзитінде заманауи шағын процессорлы қондырғыда жасалған апатқа қарсы автоматика орнатылды. Осының барлығы тұтынушыларды электрмен қамтамасыз етудің сенімділігін күшейтіп қана қоймай, Солтүстік-Оңтүстік транзитінің өткізу қабілетін 100 МВт-қа, яғни,  1350 МВт- тан 1450 МВт-қа арттыруға мүмкіндік берді.

500 кВ «Алма» қосалқы станциясын іске қосу негізінде KEGOC компаниясының «Алматы ЖЭТ» филиалында «Алатау ЖЭС» құрылды. Қосалқы станцияда жедел-жөндеу тобының 45 адамы қызмет көрсетеді.

Компанияның 2025 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес, «KEGOC» АҚ инвестициялық пакетінде Қазақстанның Ұлттық электр торабын жаңғыртуға және дамытуға бағытталған 15 инвестициялық жобасы бар.

Компания туралы ақпарат 

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 36,38 ГВА болатын  77 қосалқы  электр  станциясы бар. Компанияда  ЕТМ (Еншілес және тәуелді мекемелерді) қосқанда, 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық  ақпараттар оның корпоративтік Интернет-ресурсында – www.kegoc.kz  орналастырылған. 

Баспасөз үшін байланыс

Алмагүл Жакеева

тел.: +7 (7172) 69-04-68

pressa@kegoc.kz



..