«KEGOC» АҚ 500 кВ-тық «ОҚМАЭС-Алма» ӘЖ құрылысын мерзімінен бұрын аяқтады. Астана 2013 жылғы 24 желтоқсан

Қазақ

24.12.2013

«KEGOC» АҚ 500 кВ-тық «ОҚМАЭС-Алма» ӘЖ құрылысын мерзімінен бұрын аяқтады. Астана 2013 жылғы 24 желтоқсан

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» «KEGOC» АҚ кернеуі 500 кВ «ОҚМАЭС-Алма» жаңа әуе электр жеткізу желісінің (ЭЖЖ) құрылысын табысты аяқтады.

Әуе ЭЖЖ Қазақстанның 2010-2014 жылдарға арналған индустриялдандыру картасына енген «500, 220 кВ кернеу желілерімен Қазақстан ҰЭТ-на жалғанатын 500/220 кВ-тық «Алма» ҚС құрылысы» жобасы аясында салынды.

Әуе ЭЖЖ-нің жалпы ұзындығы 321,7 км құрайды, соның ішінде Жамбыл облысының аумағы бойынша 84 км, Алматы облысы бойынша – 237,7 км өтеді. Жобаның бас мердігері болып "КЕС International Limited" компаниясының (Мумбай қ., Үндістан) Қазақстандағы филиалы белгіленді, субмердігерлік жұмыстарды АСПМК-519 ЖШС (Алматы қ., Қазақстан) атқарды.

Жобаны іске асыру кестесіне сәйкес 500 кВ-тық «ОҚМАЭС-Алма» ӘЖ құрылысын аяқтау 2014 жылға жоспарланған болатын. 500 кВ-тық «ОҚМАЭС-Алма» әуе желісін пайдалануға қосу Алматы қ. мен Алматы облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін айтарлықтай арттырады. Бұл жоба Қазақстанның оңтүстігіндегі электр энергиясы тапшылығын шешу мақсатындағы шаралардың бірі болды.

Бұрын осы мақсаттарға сай Компания «Мойнақ ГЭС-нің қуатын беру» және «500, 220 кВ кернеу желілерімен Қазақстан ҰЭТ-на жалғанатын 500/220 кВ-тық «Алма» ҚС құрылысы» жобаларын іске асырды.  2018 жылға дейін «KEGOC» АҚ үшінші өңіраралық 500 кВ-тық «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» электр энергиясы  транзитінің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.

Баспасөз үшін байланыс телефондары:

Алмагүл Жәкеева

Тел: +7 (7172) 690-468, факс: +7 (7172) 690-438

zhakeyeva@kegoc.kz

www.kegoc.kz

Компания туралы ақпарат

 «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасындағы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы міндеттерін атқарады. Нгізгі қызмет түрлері табиғи монополия аясына жатады. Компания балансында ұлттық электр торабын құратын кернеуі 110-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мың км электр жеткізу желілері мен  трансформаторларының белгіленген қуаты 35,5 ГВА болатын 76 қосалқы электр станциясы бар. Компанияда 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Толығырақ ақпарат www.kegoc.kz сайтында.