«КEGOC» АҚ акционерлер жылдық жиналысы

Қазақ

30.04.2015

«КEGOC» АҚ акционерлер жылдық жиналысы

«КEGOC» АҚ акционерлері жылдық жалпы жиналысының қорытындысы туралы баспасөз хабарламасы

            Астана қ.                                                                                         30 сәуір 2015ж.                                                                              

            2015 жылғы 30 сәуірде бірқатар мәселелерді қарастырған «KEGOC» АҚ акционерлерінің (бұдан әрі – Қоғам) алғашқы жылдық жалпы жиналысы болып өтті. Атап айтқанда, жылдық қаржылық есепті бекіту туралы, таза табысты бөлу тәртібі туралы, қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2014 жылғы «KEGOC» АҚ бір қарапайым акциясы есебінде дивиденд көлемін бекіту. 

            Акционерлер компанияның таза табысы 8,6 млрд. теңгені құраған 2014 жылы бойынша KEGOC-тың жылдық қаржылық есебін бекітті.

            Сонымен қатар акционерлердің жалпы жиналысы шешімімен 2014 жылғы таза табыстың 99,97% KEGOC қарапайым акцияларын иеленушілерге бөлініп берілетін болады, Қоғамның бір қарапайым акциясы 33,13 теңгені (отыз үш теңге он үш тиын) құрайды. 

            2014 жылғы қорытындысы бойынша Қоғамның қарапайым акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар Қоғам акционерлерінің тізімі 2015 жылы 15 мамырда 00 сағат 00 минуттағы жағдай бойынша тіркеледі. Дивидендтер төлеуді бастау уақыты – 2015 жылғы 25 мамыр. 

            Сондай-ақ, акционерлердің жалпы жиналысында алты адам көлемінде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі құрамының саны туралы және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесін келесі құрамда таңдау туралы шешім қабылданды:

            1) Бектеміров Қ.Ә. – «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін басқару жөніндегі бас директоры;

            2) Спицын А.Т. – тәуелсіз директор;

            3) Лука Сутера (Luсa Sutera) – тәуелсіз директор;

            4) Доминик Фаш (Dominique Fache) – тәуелсіз директор;

            5) Януш Биалек (Janusz Bialek) – тәуелсіз директор;

            6) Қажиев Б.Т. –«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

            «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы таңдалды. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі – 3 (үш) жыл.

Байланыс ақпараты

Тәуелсіздік даңғылы, 59, Алматы р., Астана қ.,

Қазақстан Республикасы, 010010

Тел.: +7 (7172) 690-468, +7 (7172) 690-203
Факс: +7 (7172) 690-455
e-mail: kegoc@kegoc.kz

 

Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 36,38 ГВА болатын  77 қосалқы  электр  станциясы бар. Компанияда  ЕТМ (Еншілес және тәуелді мекемелерді) қосқанда, 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық  ақпараттар оның корпоративтік Интернет-ресурсында – www.kegoc.kz  орналастырылған.