«KEGOC» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналасының қорытындысы

Қазақ

2018 жылғы 2 қарашада өткен «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы мәселе қаралды.

Акционерлер жалпы жиналысының шешімімен Сатқалиев Алмасадам Маиданұлы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «Самұрық – Қазына» АҚ мүдделерінің өкілі және «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. 

Енгізілген өзгеріске сай «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы:

1. Сатқалиев Алмасадам Маиданұлы - «Самұрық-Қазына» АҚ мүддесін білдіретін өкіл, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

2. Тиесов Сүиншлік Әмірхамзаұлы – «Самұрық-Қазына» АҚ мүддесін білдіретін өкіл;

3. Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ мүддесін білдіретін өкіл;

4. Доминик Фаш (Dominique, Yvon Fache) – тәуелсіз директор;

5. Януш Биалек (Janusz Witold Bialek) – тәуелсіз директор;

6. Құдабаев Ермек Әскербекұлы – тәуелсіз директор; 

7. Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы – «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.