«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын 2016 жылғы 29 қаңтарда өткізу туралы ХАБАРЛАМА

Қазақ

Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) Басқармасы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы шешімімен (№ 8 хаттама) шақырылып отырған «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Акционерлердің жалпы жиналысы) өткізілетіндігін хабарлайды.

 

Акционерлердің жалпы жиналысы 2016 жылғы 29 қаңтарда 11 сағат 30 минутта мына мекенжай бойынша өтеді: Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59 ғимарат, акт залы. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2016 жылғы 29 қаңтарда 9 сағат 30 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізілетін болады.  

 

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушы ретінде тіркелу үшін акционерлер жеке куәлігін немесе жеке басын куәландыратын өзге құжатын көрсетуі тиіс.   

 

Жеке тұлға ретінде қатысатын акционерлердің өкілдері белгіленген тәртіпте ресімделген сенімхатын және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі қажет. Заңды тұлға ретінде қатысатын акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен расталған сенімхатын және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатын ұсынуы тиіс.  Сенімхаттың түпнұсқасы тіркеушіге өткізілуі қажет.

 

Егер заңды тұлға болып табылатын акционерлер атынан Акционерлердің жалпы жиналысына осы тұлғалардың жеке тұлғадағы атқарушы органы (директор, бас директор, президент) қатысатын болса, олар тіркелген кезде сайлануы немесе тағайындалуы туралы тиісті құжатты, сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті. 

 

Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлғалар үшін қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге немесе  Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға сенімхат талап етілмейді.  

 

Егер Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге қосылған тұлға өзіне тиесілі «KEGOC» АҚ-ның дауыс беруші акцияларын иеліктен айырған болса, Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте акционер акцияларға иелік ету құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс.      

 

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2016 жылғы 22 қаңтарда жасалады.   

 

Акционерлердің жалпы жиналысының алдын ала әзірленген күн тәртібі:

 

1. «KEGOC» АҚ-ның 2016 - 2018 жылдардағы аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды  анықтау және оның қызметіне ақы төлеу мөлшері туралы.

 

 

 

Акционерлер жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, 901, 917 – кеңселер, мекенжайы бойынша  демалыс күндерінен басқа күндері,  2016 жылғы 8 қаңтардан бастап сағат 9:30-дан 17:00-ге дейін, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтында «Инвесторлар мен акционерлерге» бөліміндегі материалдармен танысуға болады.

 

Акционерлердің жалпы жиналысының материалдарын және де  өткізілуіне байланысты  сұрақтарға жауаптарды +7 (7172) 690 491; 690 298, 690 297 телефондары арқылы немесе  www.kegoc.kz веб-сайтындағы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының блогына сауал жолдау арқылы алуға болады.

 

Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің жалпы жиналысы 2016 жылғы 1 ақпанда 11 сағат 30 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша  қайта өткізіледі. Акционерлердің жалпы  жиналысына қатысушыларды тіркеу 2016 жылғы 1 ақпанда 9 сағат 30 минуттан бастап 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізіледі.