«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын 2019 жылғы 08 қаңтарда өткізу туралы хабарлама

Қазақ

«Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) (атқарушы органының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат) Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 30 қарашадағы шешіміне (№ 12 хаттама) сәйкес «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Акционерлердің жалпы жиналысы) шақырылатыны туралы хабарлайды.

 «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Акционерлердің жалпы жиналысын шақырудың бастамашысы болып табылады.

Акционерлердің жалпы жиналысы 2019 жылғы 8 қаңтарда 11 сағат 30 минутта мына мекенжай бойынша өтеді: Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, акт залы. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2019 жылғы 8 қаңтарда 9 сағат 30 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізілетін болады.  Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің қайталама жалпы жиналысы жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша 2019 жылғы 25 қаңтарда 11 сағат 30 минутта болады. Акционерлердің қайталама жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2019 жылғы 25 қаңтарда 9 сағат 30 минуттан 11 сағат 00 минутқа дейін жүргізілетін болады.  

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлер тізімін жасайтын күн 2018 жылғы 25 желтоқсан.  

Егер Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге енгізілген тұлға өзіне тиесілі «KEGOC» АҚ-ның дауыс беруші акцияларын иеліктен айырған болса, онда Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте жаңа акционер акцияларға иелік ету құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс.

 «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі Акционерлердің жалпы жиналысының мынадай күн тәртібін алдын ала жасады:  «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Акционерлер жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдармен Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, 901, 917-қызметтік бөлмелер мекенжайы бойынша жұмыс күндері, 2018 жылғы 20 желтоқсаннан 10 сағат 00 минуттан бастап 17 сағат 00 минутке дейін, сонымен қатар «KEGOC» АҚ-ның www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторлар мен акционерлерге» - «Ақпаратты ашу» - «Жалпы жиналыстар» бөлімінде танысуға болады. 

 

Өткізу тәртібі:

- Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге құқығы бар тұлға Акционерлердің жалпы жиналысы ашылғанға дейін осы хабарламада көрсетілген тәртіпте ресми тіркеуден өтуі тиіс;

- тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ;

- Акционерлердің жалпы жиналысына тіркелу және қатысу үшін жеке тұлға болып табылатын акционердің жеке басын куәландыратын құжаты өзімен бірге болуы тиіс;

- жеке тұлға болып табылатын акционерлердің өкілдері белгіленген тәртіпте рәсімделген сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі қажет. Заңды тұлға болып табылатын акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен расталған сенімхатты және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы тиіс. Өкіл сенімхаттың түпнұсқасын көрсетіп, оның көшірмесін тіркеушіге өткізуі тиіс;

- егер заңды тұлға болып табылатын акционерлер атынан Акционерлердің жалпы жиналысына олардың жеке атқарушы органдары қатысатын болса, онда олар лауазымға сайлануы немесе тағайындалуы туралы құжаттарды, сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті;

- Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлға үшін қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге және  Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға сенімхат талап етілмейді;

- күндізгі тәртіпте өткізілетін Акционерлердің жалпы жиналысы өзге шешім белгілемесе, акционер болып табылмайтын өзге тұлғалар Акционерлердің жалпы жиналысының отырысына шақыртусыз қатыса алмайды;

- егер Акционерлердiң жалпы жиналысына қатысушыларды тiркеу аяқталған кезде «KEGOC» АҚ-ның дауыс беретiн акцияларын жинақтап алғанда елу және одан да көп пайызын иеленген акционерлер және/немесе олардың өкiлдерi тiркелсе, Акционерлердiң жалпы жиналысы күн тәртiбiндегi мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға құқылы.

Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу тәртібі бойынша басқа да мәселелерді Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғамдар туралы» заңы, «KEGOC» АҚ Жарғысы және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ереже белгілеген. 

Жиналыс «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-52 баптарына сәйкес өткізіледі.

Акционерлердің жалпы жиналысының материалдары, сонымен қатар өткізілуі бойынша сұрақтарға жауаптарды +7 (7172) 690 298, 690 297 телефондарына жұмыс уақытында хабарласу арқылы немесе  www.kegoc.kz  веб-сайтындағы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының блогына сауал жолдау арқылы алуға болады.