«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

Қазақ

15.09.2015

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша орналасқан «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ) Басқармасы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2015 жылғы 28 тамыздағы шешімімен (№ 6 хаттама) шақырылып отырған «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы (бұдан әрі – Акционерлердің жалпы жиналысы) өткізілетіндігін хабарлайды.

Акционерлердің жалпы жиналысы 2015 жылғы 16 қазанда 11 сағат 00 минутта мына мекенжай бойынша өтеді: Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, акт залы. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2015 жылғы 16 қазанда 09 сағат 00 минуттан 10 сағат 30 минутқа дейін жүргізілетін болады.

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушы ретінде тіркелу үшін акционерлерде өздерімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.   

Жеке тұлға акционерлердің өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресімделген сенімхатын және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі қажет. Заңды тұлға акционерлердің өкілдері акционер болып табылатын заңды тұлғаның мөрімен расталған сенімхатын және өкілдің жеке басын куәландыратын құжатын ұсынуы тиіс.

Егер заңды тұлға акционерлер атынан Акционерлердің жалпы жиналысына осы тұлғалардың жеке тұлғадағы атқарушы органдары (директор, бас директор, президент) қатысатын болса, олар тіркелген кезде лауазымға сайлануы немесе тағайындалуы туралы тиісті құжатты, сонымен қатар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті. 

Қазақстан Республикасының заңнамасына немесе шартқа сәйкес акционердің атынан сенімхатсыз әрекет етуге немесе оның мүдделерін білдіруге құқығы бар тұлғалар үшін қаралатын мәселелер бойынша дауыс беруге немесе  Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға сенімхат талап етілмейді.  

Егер Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға және онда дауыс беруге құқығы бар акционерлердің тізімі жасалғаннан кейін осы тізімге қосылған тұлға «KEGOC» АҚ өзіне тиесілі дауыс беруші акцияларын иеліктен айырған болса, Акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл ретте акционер акцияларға иелік ету құқығын растайтын құжатты ұсынуы тиіс.   

Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2015 жылғы 12 қазанда жасалады.  

Акционерлердің жалпы жиналысының алдын ала әзірленген күн тәртібі:

1) «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережені бекіту туралы.

2) «KEGOC» АҚ-ның Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы.

3) «KEGOC» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы.

4) «KEGOC» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы.

5) Қаржылық есептілікті бекіту, таза табысты бөлу тәртібі, 2015 жылғы 1-ші жартыжылдық бойынша «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивиденд төлеу және бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері туралы шешім қабылдау.

Акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы, 010010, Астана қаласы,  Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат, 901-бөлме, мекенжайы бойынша  демалыс күндерінен басқа күндері,  2015 жылғы 28 қыркүйектен бастап сағат 9:30-дан 17:00-ге дейін, сондай-ақ «KEGOC» АҚ-ның www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтында «Инвесторлар мен акционерлерге» бөліміндегі материалдармен танысуға болады. 

Акционерлердің жалпы жиналысының материалдарына, және де  өткізілуіне байланысты  сұрақтарға жауаптарды +7 (7172) 690 491; 690 298, 690 297 телефондары арқылы немесе  www.kegoc.kz веб-сайтындағы «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының блогына сауал жолдау арқылы алуға болады. 

Кворум болмаған жағдайда Акционерлердің жалпы жиналысы 2015 жылғы 23 қазанда 11 сағат 00 минутта жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша  қайта өткізіледі. Акционерлердің жалпы  жиналысына қатысушыларды тіркеу 2015 жылғы 23 қазанда 09 сағат 00 минуттан бастап 10 сағат 30 минутқа дейін жүргізіледі.



..