«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындылары туралы

Қазақ

 

2018 жылғы 30 қарашада «KEGOC» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтіп«Аралық қаржылық есептемені бекіту, таза кірісті бөлу тәртібі, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу және «KEGOC» АҚ-ның 2018 жылғы бірінші жарты жылдықтағы бір жай акцияға есептегендегі дивидендтерінің көлемі туралы»мәселеле қаралды.

Акционерлер 2018 жылғы бірінші жартыжылдықтағы KEGOC аралық қаржылық есептемесін бекітті, оған сәйкес компанияның шоғырландырылған таза кірісі 26,2 млрд. теңгені құрады.

Сонымен қатар, Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен 2018 жылғы бірінші жартыжылдықтағы таза кірістің 80%-ы Қоғамның жай акцияларын ұстаушыларының барлығының арасында бөлінеді.

Осылайша, Қоғамның жай акцияларын ұстаушылардың барлығына  төленетін дивидендтердің жалпы сомасы 20,1 млрд.  теңгені құрайды, бұл бір жай акцияға есептегенде 80,53 (сексен теңге елу үш тиын) теңгені  құрайды.

Қоғамның жай акциялары бойынша 2018 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша дивидендтер алуға құқығы бар Қоғам акционерлерінің тізімі 2018 жылғы 11 желтоқсан 00 сағат 00 минуттағы жай-күйі бойынша тіркеледі. Дивидендтерді төлеу басталатын күн –2018 жылғы 12 желтоқсан.