«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындылары туралы

Қазақ

2017 жылғы 26 қазанда «KEGOC» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтіп, келесідей мәселелер қаралды:

1) аралық қаржылық есептемені, таза кірісті бөлу, жай акциялар бойынша дивидендтерді төлеу тәртібін бекіту туралы және2017 жылғы бірінші жартыжылдықтағы «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегендегі дивидендтердің мөлшері туралы;

2) «Е KEGOC 00-202-13-АЖЖ «KEGOC» АҚ дивидендтік саясаты туралы» қағидаға өзгеріс енгізу туралы;

3) 2017-2019 жылдар кезеңіне шоғырланған негіздегі «KEGOC» АҚ қаржылық тұрақтылығы коэффициенттерінің межелік және мақсатты мәндерін белгілеу туралы;

4) «KEGOC» АҚ Жарғысына толықтырулар енгізу туралы.

 Акционерлер 2017 жылғы бірінші жартыжылдықтағы KEGOC аралық қаржылық есептемесін бекітті, оған сәйкес компанияның шоғырландырылған таза кірісі шамамен 18 млрд. теңгені құрады.

Сонымен қатар, Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен 2017 жылғы бірінші жартыжылдықтағы таза кірістің 70%-ы Қоғамның жай акцияларын ұстаушыларының барлығының арасында бөлінеді.

Осылайша, Қоғамның жай акцияларын ұстаушылардың барлығына  төленетін дивидендтердің жалпы сомасы 12,6 млрд.  теңгені құрайды, бұл бір жай акцияға есептегенде 48,40 теңгені (қырық сегіз теңге қырық тиын) құрайды.

Қоғамның жай акциялары бойынша 2017 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысымен дивидендтерді алуға құқығы бар Қоғам акционерлерінің тізімі 2017 жылғы 6 қараша 00 сағат 00 минуттағы жай-күйі бойынша тіркеледі. Дивидендтерді төлеуді басталатын күн –2017 жылғы 7 қараша.

        Сонымен қатар, Акционерлердің жалпы жиналысы «KEGOC» АҚ Жарғысына толықтыруларды,  Дивидендтік саясат туралы қағидаға өзгерісті  және 2017-2019 жылдар кезеңіне шоғырланған негіздегі «KEGOC» АҚ қаржылық тұрақтылығы коэффициенттерінің межелік және мақсатты мәндерін бекітті.