«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындылары туралы

Қазақ

2019 жылғы 25 қазанда «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы  (бұдан әрі – Жалпы жиналыс) өтті. Жиналыста мына мәселелер қарастырылды:

1) 2019 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдың жай-күйі бойынша және осы уақыт ішіндегі аралық қаржы есептемесін, таза кірісті үлестіру тәртібін бекіту, 2019 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша қарапайым акциялар бойынша дивиденттер төлеу туралы шешім қабылдау және «KEGOC» АҚ бір қарапайым акциясына шаққанда дивиденд көлемін бекіту туралы»;
2) «KEGOC» АҚ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы»;
3) «KEGOC» АҚ Есеп комиссиясының сандық құрамына өзгерістер енгізу туралы».

Акционерлер 2019 жылдың бірінші жарты жылдығы бойынша «KEGOC» АҚ аралық қаржы есептемесін бекітті. Есептемеге сәйкес компанияның шоғырландырылған таза кірісі 22,57 млрд. теңгені құрады.

Сонымен қатар Акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен 2019 жылдың бірінші жарты жылдығындағы таза кірістің 77,36%-ы Қоғамның қарапайым акция ұстаушыларының арасында үлестірілетін болады.

Осылайша Қоғамның қарапайым акция ұстаушыларының барлығына төленетін дивиденттердің жалпы сомасы 17,46 млрд.  теңгені құрайды, бұл бір қарапайым акцияға шаққанда 67,17 (алпыс жеті теңге он жеті тиын) теңге.  

2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша Қоғамның қарапайым акциялары бойынша дивиденттер алуға құқығы бар Қоғам акционерлерінің тізімі 2019 жылғы 4 қараша 00 сағат 00 минуттағы жай-күй бойынша тіркеледі. Дивиденттер төлеу басталатын күн – 2019 жылғы 5 қараша.

Сонымен қатар «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы мынадай шешім қабылдады:

- «KEGOC» АҚ Жарғысы жаңа редакцияда бекітілсін;
- «KEGOC» АҚ Есеп комиссиясының сандық құрамына өзгерістер енгізілсін.