«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындылары туралы

Қазақ

2020 жылғы 27 сәуірдегі «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өткізілді, онда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшесін сайлау туралы» мәселе қаралды.

Аталған жиналыс қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде Бекенов Жанбота Темірғалиұлы сайланды.

Бекенов Жанбота Темірғалиұлы 1985 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын аяқтады. Қазіргі уақытта ол 2016 жылы қосылған «Grant Thornton» ЖШС-ның Қазақстандағы бірге басқарушы серіктесі болып табылады. Ж.Т.Бекенов осы уақытқа дейін Қазақстандағы Pricewaterhouse Coopers компаниясының Алматыдағы кеңсесінде 22 жыл (1994-2015жж.), соның ішінде бас директор лауазымында 17 жыл және аудит жөніндегі серіктес лауазымында 12 жыл жұмыс істеді. PwC компаниясына дейін Ж.Т.Бекенов Ernst & Young Kazakhstan компаниясында 2 жыл (1992-1993жж.), ал одан бұрын Қазақстан Републикасы Қаржы министрлігі БРБ-да 8 жыл (1985-1992жж.), соның ішінде бөлім бастығы болып 5 жыл жұмыс істеді. Жалпы алғанда Ж.Т.Бекеновтің БЕҚС, ҚЕХС (IFRS) және АҚШ БЕЖҚ (USA GAAP) сәйкес мұнай-газ, тау-кен өндірісі, энергетика, коммуналдық шаруашылық, металлургия, өндіріс, көлік және логистика, қаржылық  қызмет, телекоммуникациялар, тұтыну тауарлары, ауыл шаруашылығы және басқа да көптеген әртүрлі салалардағы бухгалтерлік есепке алу, салық салу және қаржылық есептеме аудиті саласы бойынша 32 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Ж.Т.Бекеновтің аудиторлық және консалтингтік қызметті жүргізуге ҚР Қаржы министрлігі берген лицензиясы бар және Алматы халық шаруашылығы институтында қаржы аудитінің қағидаттары бойынша дәріс оқыған.  

Сонымен қатар Ж.Т.Бекенов 18 жыл бойы Қазақстан Республикасы Аудиторлар палатасының вице-президенті және осы кәсіби ұйым Кеңесінің мүшесі болды.  

Қазіргі уақытта Ж.Т.Бекенов «Grant Thornton Kazakhstan» ЖШС-ның бірге басқарушы серіктесі болып табылады.