«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындылары туралы

Қазақ

2020 жылғы 26 маусымда  «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру нысанында өткізіліп, онда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» мәселе қаралды.  

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындылары бойынша акционерлер мынадай шешім қабылдады: 

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор Януш Биалектің (Janusz Witold Bialek) өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор ретінде жалпы алғанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі біткенге дейінгі мерзімге сайлансын.   

«KEGOC» АҚ тәуелсіз директорлары, Қазақстан Республикасының резиденті емес Доминик Фашқа (Dominique, Yvon Fache), Қазақстан Республикасының резиденттері Бекенов Жанбота Темірғалиұлына, Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлына «KEGOC» АҚ қаражаты есебінен жылдық тіркелген сыйақы белгіленсін. 

Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ акционерлері мына тармақтардың күші жойылды деп тану туралы шешім қабылдады: 

1) 2018 жылғы 27 сәуірдегі «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібіндегі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелері мен төрағасын сайлау, сонымен қатар «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу мөлшері мен шарттарын белгілеу туралы» бірінші мәселе бойынша шешімінің 6-тармағы; 

2) 2020 жылғы 27 сәуірдегі «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіндегі «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесін сайлау, сонымен қатар «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттік мерзімін, сыйақы төлеу және шығыстарын өтеу мөлшері мен шарттарын белгілеу туралы» мәселе бойынша шешімінің 2-тармағы.