«КEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындысы

Қазақ

16.10.2015

«КEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қорытындысы

2015 жылы 16 қазанда «KEGOC» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Акционерлерінің кезектен тыс жиналысы өтті, онда бірқатар мәселелер қаралды.

Соның ішінде, жылдық қаржылық есепті бекіту, таза табысты бөлу тәртібі, қарапайым акциялар бойынша дивидендтер төлеу және 2015 жылғы 1 жартыжылдық бойынша «KEGOC» АҚ бір қарапайым акциясына төленетін дивиденд көлемі жөнінде шешім қабылдау мәселелері қаралды.

Акционерлер үстіміздегі жылғы 1 жартыжылдыққа сәйкес компанияның таза табысы 6,1 млрд. теңгені құраған KEGOC қаржылық есебін бекітті. 

Сондай-ақ, акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен есептік кезеңдегі таза табыстың 40,01% KEGOC қарапайым акцияларының барлық иемденушілері арасында бөлінетін болады, нәтижесінде Қоғамның бір қарапайым акциясына төленетін дивиденд – 9,40 теңгені (тоғыз теңге қырық тиын) құрайды. 

2015 жылғы 1-ші жартыжылдығының қортындысы бойынша Қоғамның қарапайым акциялары бойынша төленетін дивидендтерді алуға құқығы бар Қоғам акционерлерінің тізімі 2015 жылдың 30 қазанында 00 сағат 00 минутта тіркелетін болады. Дивидендтерді төлеу күні – 2015 жылдың 16-шы қарашасында басталады.

Бұдан бөлек, акционерлердің жалпы жиналысында «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысы туралы ережесі, сонымен қатар жаңа өңдеудегі «KEGOC» АҚ Жарғысы, Корпоративтік басқару кодексі және Директорлар кеңесі туралы ережесі бекітілді.  

Байланыс ақпараты

Тәуелсіздік даңғ., 59, Алматы р., Астана қ.,
Қазақстан Республикасы, 010010
Тел.: +7 (7172) 690-468, +7 (7172) 690-203
Факс: +7 (7172) 690-455
e-mail: kegoc@kegoc.kz

Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 36,38 ГВА болатын  77 қосалқы  электр  станциясы бар. Компанияда  ЕТМ (Еншілес және тәуелді мекемелерді) қосқанда, 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық  ақпараттар оның корпоративтік Интернет-ресурсында – www.kegoc.kz  орналастырылған.



..