«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындылары туралы баспасөз хабарламасы

Қазақ

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтті. Жиналыста «KEGOC» АҚ 2015 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған бір жылғы жылдық қаржылық есептемесі қаралып, бекітілді.   

«KEGOC» АҚ өткен жыл қорытындысы бойынша бекітілген шоғырландырылған қаржылық есептемесіне сәйкес түсім 110,1 млрд. теңгені құрып, 2014 жылмен салыстырғанда 17,8 %-ға артты.

«KEGOC» АҚ жұмыс істеп тұрған жоғары вольттық желілерді жаңғырту, жаңаларын салу және еліміздің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, ұлттық электр торабын дамытуға бағытталған бірқатар ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізу үшін қарыз қаражаттарын тартты. Кредиторлар Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі мен Еуропа Қайта құру және Даму Банкі сияқты әлемдік қаржы институттары болып табылады. 31.12.2015ж. қарыз қаражаттары бойынша берешек 503,6 млн. АҚШ долларына бара-бар (2014 ж.: 590,1 млн. АҚШ доллары).

2015 жылдың екінші жартысында Қазақстан Республикасы Үкіметі қабылдаған шетел валюталарына қатысты теңгенің еркін айналымдағы бағамын енгізуді білдіретін, ақшалай-кредит саясатын өзгерту туралы шешімі 35,7 млрд. теңге сомасында бағамдық айырмашылық бойынша (ақшалай емес сипаттағы) шығын есептеуге әкелген болатын. «KEGOC» АҚ валюта бағамының өсуінен болған теріс әсерді жеңілдету үшін операциялық шығындар мен күрделі қаржы салымдарын оңтайландырды. Бұл 2015 жыл қорытындысы бойынша таза залалдың 7,8 млрд. теңгеден аспауына  мүмкіндік берді. Аталған шаралар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктеріндегі депозиттік шоттарда шетелдік валюталардағы ақшалай қаражаттардың шоғырлануы қаржылық тұрақтылық пен өтімділіктің жеткілікті деңгейін сақтап қалды және барлық кредиттік келісімдер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етті.    

«KEGOC» АҚ дивиденд саясаты туралы ережеге сәйкес дивидендтерді төлеу көздері бұл таза табыс болып табылады, сәйкесінше 2015 жылғы 31 желтоқсандағы жай-күй бойынша шығынның болуына байланысты Акционерлердің жалпы жиналысы 2015 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады.     

Жоғарыда көрсетілген факторлар «KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің сенімді жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерін орындауына әсерін тигізбеді.   

«KEGOC» АҚ жұртшылық тарапынан да, ықтимал инвесторлар тарапынан да лайықты бедел мен сенімге ие. Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ акциялары – қазақстан қор нарығындағы ең өтімді құралдардың бірі.   

«KEGOC» АҚ дивиденд саясаты дивидендтерді тек өткен жылдың қорытындылары бойынша емес, сонымен қатар жарты жыл қорытындылары бойынша да төлеуге мүмкіндік береді. Болашақта «KEGOC» АҚ дивиденд саясатын ұстануды және 2016 жылғы 1-жарты жылдық қорытындысы бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізген жағдайда Акционерлердің жалпы жиналысында жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы мәселені көтеруді жоспарлап отыр.     

Ағымдағы кезеңде бір жай акцияның орташа алғандағы бағасы 870 теңгені құрайды. 

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының барлық материалдары «KEGOC» АҚ www.kegoc.kz корпоративтік веб-сайтындағы «Инвесторларға және акционерлерге» бөлімінде орналастырылған.

 

Анықтама ретінде: 2014 жылғы 18 желтоқсанда «Халық IPO» бағдарламасы шеңберінде «KEGOC» АҚ жазылым жүргізу жолымен Қазақстан қор биржасында алғаш рет 25 999 999 дана жай акцияларын орналастырды. Бір жай акцияның орналастыру бағасы 505 теңге.  Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ орналастырылған жай акцияларының жалпы көлемі 260 000 000 (екі жүз алпыс миллион) дана. Олардың ішінде, 90% плюс 1 акция «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі, қалған 10% минус бір акция «Халық IPO» бағдарламасы шеңберінде миноритарлық акционерлерге сатылды.

 

Байланыс ақпараты

Тәуелсіздік даңғ., 59, Алматы ауд., Астана қ.,
Қазақстан Республикасы, 010010
Тел.: +7 (7172) 690-468, +7 (7172) 690-203
Факс: +7 (7172) 690-455
e-mail: 
kegoc@kegoc.kz

 

Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функцияларын орындайды, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрап тұратын ұзындығы шамамен 24,9 мың км болатын 35-1150 кВ электр жеткізу желілері мен трансформаторларының белгіленген қуаты 36,2 ГВА 77 қосалқы электр станциялары бар. Компанияда 4,8 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік Интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.