«KEGOC» АҚ акцияларына жазылу мерзімін 2014 жылдың 5 желтоқсанына дейін ұзарту туралы баспасөз хабарламасы

Қазақ

02.12.2014

«KEGOC» АҚ акцияларына жазылу мерзімін 2014 жылдың 5 желтоқсанына дейін ұзарту туралы баспасөз хабарламасы

Соңғы күндерде түрлі инвесторлар тарапынан түскен өтініштер санының бірден артуына және оларды өтеу үшін қосымша уақыт қажеттігіне байланысты, Қазақстан қор биржасы (KASE немесе қор) Басқармасының шешімімен «Халықтық ІРО» бағдарламасы аясында «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» АҚ акцияларына жазылу мерзімі 2014 жылдың 5 желтоқсанына дейін ұзартылды.

«KEGOC» АҚ жай акцияларын сатып алу науқаны 2014 жылдың 5 қарашасынан басталғанын хабарлаймыз. Қазақстанның қор биржасына біреуінің бағасы 505 теңге болатын «KEGOC» АҚ-ның 25 999 999 жай акциялары орналастырылды. «KEGOC» АҚ жай акцияларының орналастыру құрылымымен қордың ресми сайтында таныса аласыз.

Компания туралы ақпарат 

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 36,38 ГВА болатын  77 қосалқы  электр  станциясы бар. Компанияда  ЕТМ (Еншілес және тәуелді мекемелерді) қосқанда, 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық  ақпараттар оның корпоративтік Интернет-ресурсында – www.kegoc.kz  орналастырылған. 

Баспасөз үшін байланыс

Алмагүл Жакеева

тел.: +7 (7172) 69-04-68

pressa@kegoc.kz