«KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалы командасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған спорттық турнирдің жеңімпазы атанды

Қазақ

27.08.2015

«KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалы командасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған спорттық турнирдің жеңімпазы атанды

Тамыздың 27 күні, Қазақстан Республикасы Констутицияның 20 жылдығына арналған «KEGOC» АҚ және ЕТМ (Еншілес және тәуелді мекемелер) қызметкерлері арасындағы спорттық турнирдің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Спорттық шараға KEGOC компаниясының Жастар кеңесі бастамашылық көрсетті.

«KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы (бұдан былай – АД), «Энергоинформ» АҚ, ЖО ҰДО және «Ақмола ЖЭТ» филиалы қызметкерлері қатысқан жарыс төмендегі спорт түрлері бойынша өтті: волейбол, баскетбол, мини-футбол, жүзу және спорттық эстафета.

Волейболистер арасында Ақмола ЖЭТ өкілдері жеңімпаз атанды. Ал екінші және үшінші орындарды АД мен «Энергоинформ» АҚ комадалары иеленді.

Баскетболистер арасындағы жарыста да бірінші орынды Ақмола ЖЭТ спортшылары жеңіп алды. «Күміс» пен «қоланы» АД мен ЖО ҰДО өкілдері иеленді. 

Турнирдің үздік футболистері ретінде Ақмола ЖЭТ танылды, екінші орынды «Энергоинформ» АҚ, үшінші орынды – АД ойыншылары алды.

Әйелдер арасындағы жүзу бойынша «алтынды» ЖО ҰДО өкілдері жеңіп алды, осы мекеменің жігіттері де спорттың осы түрі бойынша жеңімпаз атанды.

Әйелдер мен ерлер арасындағы жүзуден екінші орын – АД, ал үшінші орын – Ақмола ЖЭТ қыз-жігіттеріне бұйырды.

Спорттық эстафетада АД командасы үздік танылды, екінші және үшінші орындарды ЖО ҰДО мен Ақмола ЖЭТ командалары өзара бөлісті.

Нәтижелерді қорытындылай келе, жалпыкомандылқ есеппен бірінші орынды Ақмола ЖЭТ спортшылары иеленді, екінші орынды АД өкілдері, ал үшінші орынды ЖО ҰДО спортшылары алды.

Бірреттік Чемпион кубогын тапсырған «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары – Жастар ісі бойынша кеңестің төрағасы Ж.М. Бексары жиналғандарды келе жатқан мемлекеттік мереке – Конституция күнімен құттықтады, жарыстың барлық қатысушыларына жеңіс тілеп, аталған спорттық турнирдің дәстүрлі жалғасын табатынына сенім білдірді. 

 



..