«KEGOC» АҚ Алматы ЖЭТ филиалының қызметкерлері сел тасқанының салдарын жоюға қатысуда.

Қазақ

03.08.2015

«KEGOC» АҚ Алматы ЖЭТ филиалының қызметкерлері сел тасқанының салдарын жоюға қатысуда.

«KEGOC» АҚ Алматы ЖЭТ филиалының қызметкерлері үстіміздегі жылдың 23 шілдесінде орын алған және Алматы облысы мен Алматы қ. Наурызбай ауданына айтарлықтай залал тигізген сел тасқынының жүруі салдарын жоюға қатысуда.

Филиал басшылығы тарапынан 20 адамнан тұратын үш бригада жасақталды, олар «Құрамыс» кентінің көшелерін лай мен тастардан тазалау жұмыстарына қатысуда. Бригадалар жұмыс кезінде қажетті арнаулы техникалармен қамтамасыз етілген.

Бұдан бөлек, Алматы ЖЭТ ұжымы ерікті түрде материалдық көмек көрсетті. Қызметкерлерден жиналған ақшалай қаражатқа бірінші кезектегі қажетті азық-түліктер және ауыз су сатып алынып, зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі шатбқа жөнелтілді.



..