«KEGOC» АҚ «Баланы мектепке дайындайық» қайырымдылық акциясына жыл сайын қатысады

Қазақ

«Бақытты балалық шақ» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде «Баланы мектепке дайындайық» жыл сайынғы  қайырымдылық акциясы өткізіледі, оның барысында аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына, сонымен қатар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу құралдарын сатып алуда нақты қолдау көрсетіледі.

 «KEGOC»АҚ-ның бастауыш партия ұйымы кезекті осы акцияны қолдады және жалпы сомасы 750 000 теңге 50 дана оқушылардың сөмкесі және мектеп кеңсе құралдарының стандартты жиынтығын сатып алуға көмектесті.

Оқушылардың сөмкелерін табыстау ағымдағы жылдың 22 тамызында «MegaSilkWay» ОСО-дағы Happylonотбасылық-ойын-сауық орталығында орналасқан HappyWorksCity Аттракциондар паркінде, Дельфин паркінде және Мамандықтар паркінде өтті.

Іс-шараға «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының атынан «Нұр Отан» АҚФ Төрағасының бірінші орынбасары Сапаров Бақыт, Астана қаласы бойынша Happylon парктерінің өңірлік басқарушысы Ләззат Тұрсынбаева, «KEGOC» АҚ бастауыш партия ұйымы атынан Аппарат басшысы, БПҰ Төрағасының орынбасары Омаров Болатбек Бөлемісұлы қатысты.

Мереке қонақтары –  оқушы балалар теңіз жануарларымен ойнау мүмкіндігіне ие болды, дельфиндер шоуын және теңіз арыстанының өнерін тамашалады. Балалар өздерінің құрметіне ұйымдастырылған мерекеге және сыйлықтарға өте риза болды.

        «KEGOC» АҚ басшылығы Атқарушы дирекция, «ЖО ҰДО» және «Ақмола ЖЭТ» филиалдарының,  «Энергоинформ» АҚ ұжымдарына қайырымдылық акциясына қатысқандары және балаларымен қиын материалдық жағдайда қалған отбасыларға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтады.