«KEGOC» АҚ «Баланы мектепке дайындайық» қайырымдылық акциясына жыл сайын қатысады

Қазақ

«Нұр-Отан» партиясының «Бақытты балалық шақ» жобасын іске асыру шеңберінде «Баланы мектепке дайындайық» жыл сайынғы қайырымдылық акциясы өткізіледі, оның барысында аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына, сонымен қатар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу құралдарын сатып алуда нақты қолдау көрсетіледі.

«KEGOC» АҚ-ның бастауыш партия ұйымы кезекті осы акцияны қолдады және жалпы сомасы 750 000 теңге 50 дана оқушылардың сөмкесі және мектеп кеңсе құралдарының стандартты жиынтығын сатып алуға көмектесті.