«KEGOC» АҚ Бастауыш партия ұйымы Компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті іске асыруына көмектеседі

Қазақ

          2018 жылғы 11 мамырда «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында  Үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы өткізілді. Іс-шараға еліміздің барлық өңірлерінен мүдделі мемлекеттік органдардың, ірі жеке және ұлттық компаниялардың, әртүрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.  

«Нұр Отан» партиясы төрғасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев отырысты ашып, «адамдарға арналған» тиімді, технологиялық, қазіргі заманғы және креативті партияға сапалы трансформациялауды мақсат етіп отырған партияны жаңғырту жөніндегі жоспарлар туралы баяндап берді. Алдыға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін партияның қызметі барынша ашық, ал басшылық – барлығы үшін қол жетімді және ашық болуы тиіс. Мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың өзара тығыз қарым-қатынасының басында отырысқа қатысушылардың барлығы сөз сөйледі.   

Іс-шараға әлеуметтік жауапты ұйымдар мен қатыстырылған қоғамдастықтар шақырылды, олардың арасында «KEGOC» АҚ да бар. Баршамызға мәлім, Компанияда бастауыш партия ұйымы 2009 жылы құрылды және қазіргі уақытта өңірлік филиалдарды қоса алғанда, құрамында 1001 партия мүшесі бар. Бастауыш партия ұйымының қызметі партия басшылығының бастамаларын қолдауға, әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға көмектесуге және стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған.    

Осылайша, «KEGOC» АҚ қызметкерлері жыл сайын «мектепке апарар жол» атты қайырымдылық акциясы шеңберінде тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға, ата-анасы жоқ балаларға қолдау көрсетеді. Компанияда 672 зейнеткер-ардагер энергетиктер есепте тұр, олардың ішінде 49 ҰОС ардагерлері мен оларға теңдестірілген тұлғалар бар.  

Партия мүшелерінің 30 %-ы – 30 жасқа дейінгі жастар, олар «KEGOC» АҚ Жастар ісі жөніндегі кеңестің құрамында. Жас партия мүшелері «Саламатты ұрпақ», «Астана – есірткісіз қала», «Еркін пікір» пікірталас клубы, «Жастар. Энергия. Инновация» форумы, әртүрлі флэшмобтар, идеологиялық және спорттық іс-шаралар сияқты көптеген жобаларға белсене қатысады. Сонымен қатар Компания қызметкерлерінің арасында мемлекеттік тілді дамытуға көп көңіл бөлінеді. «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу мен оқытулар тұрақты түрде жүргізіліп отырады. Одан басқа «KEGOC» АҚ-дан КВН командасы ұлттық компаниялар арасында жыл сайын өткізілетін мемлекеттік тіл конкурсына қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алды.  

Әлеуметтік проблемалар мен міндеттерді шешуге үнемі қолдау көрсете отырып, «KEGOC» АҚ әлеуметтік жауапты компания имиджін қалыптастырды және мемлекеттік сектор тарапынан жоғары сенімге ие.  2016 жылы  «KEGOC» АҚ Бастауыш партия ұйымы «Астана қаласының ең үздік бастауыш партия ұйымы» ретінде танылды, ал ағымдағы жылдың сәуір айында Компания «Қазақстанның ең үздік әлеуметтік жобалары» ұлттық байқауына серіктес ұйымдастырушы және үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы ең үздік жобаларды анықтау жөніндегі бақылау комиссиясының мүшесі ретінде шақырылды.     

Қоғамдағы әлеуметтік жағдайды жақсартуға үнемі қатысып отыру қажеттілігін есепке ала отырып, «KEGOC» АҚ Бастауыш партия ұйымы партияның негізгі бағдарламалық құжаттарына және Компанияның корпоративтік миссиясына сай алдыға қойылған міндеттерді шешудегі қызметін жалғастыруда.