«KEGOC» АҚ біріктірілген менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификаттары 2014 жылға дейін ұзартылды

Қазақ

29.09.2011

«KEGOC» АҚ біріктірілген менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификаттары 2014 жылға дейін ұзартылды

«KEGOC» АҚ біріктірілген менеджмент жүйесінің (БМЖ) сапа менеджменті жүйесі (ISO 9001:2008), экологиялық менеджмент жүйесі (ISO 14001:2004) саласындағы халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестік сертификаттарының қолданылу мерзімі 3 жылға ұзартылды.

TÜV International сертификаттарының расталуы - «KEGOC» АҚ ұлттық компаниясының ішкі орнықты дамуы мен тұтынушылардың жоғары қанағаттанарлық деңгейіне бағытталған табысты қызметінің куәсі, - деп атап көрсетті  Басқарма төрағасының орынбасары Жаңабай Бексары.

Сертификаттардың қолданысы «KEGOC» АҚ-тың барлық бөлімшелеріне - Атқарушы дирекциясына, «Жүйеаралық электр тораптары» филиалдарына, «Жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығына» және «Энергоинформ» АҚ-на (Жүйелік оператордың міндеттерін атқаруды қамтамасыз етуіне қатысты) таралады.

Аудитті «Интерсертифика-ТЮФ» ұйымы TÜV Thüringen e.V. (Германия) тіркелген қоғамының TÜV CERT сертификаттау жөніндегі органының  серіктесі  «ТЮФ Тюринген» ұйымымен (Мәскеу қ.) бірлесе отырып жүргізді. Сертификаттау жөніндегі органның өкілдері басшылық пен қызметкерлердің БМЖ-ны қолдауға және жетілдіруге қатысты биік деңгейлі уәждемесін, осы жұмыстағы жүйелі ұстанымын атап өтті.

«KEGOC» АҚ БМЖ-на, сондай-ақ байқау аудиті барысында сәйкестігі расталған кәсіби қауіпсіздік және еңбек қорғау менеджменті жүйесі (OHSAS 18001:2007) енеді.

Компания БМЖ-ның таралу аумағы Жүйелік оператордың электр энергетикасы саласындағы мынадай міндеттерін қамтиды: электр энергиясының көтерме сауда рыногы субъектілеріне ұлттық электр торабы бойынша электр энергиясын жеткізу, техникалық диспетчерлеу және электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру жөнінде жүйелік қызметтер көрсету.

«KEGOC» АҚ БМЖ-ның кезекті аудиті 2012 жылдың мамыр-маусым айларына жоспарланды.