«KEGOC» АҚ біріктірілген менеджменті жүйесінің сертификациялау аудитінен табысты өтті

Қазақ

28.11.2014

«KEGOC» АҚ біріктірілген менеджменті жүйесінің сертификациялау аудитінен табысты өтті

Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы «KEGOC» АҚ (бұдан былай – «KEGOC» АҚ) сапа менеджменті жүйесі (ISO 9001:2008), экологиялық менеджмент жүйесі (ISO 14001:2004) және кәсіби қауіпсіздік пен еңбек қорғау менеджменті жүйесі (OHSAS 18001:2007) салаларында халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігі бойынша сертификациялау аудитінен табысты өтті.

- Бұл ішкі дамудың тұрақтылығына және тұтынушыларды жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған ұлттық компанияның табысты қызметінің дәлелі, - деп атап өтті  «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев.

 2014 жылғы тамыз айында өткізілген сертификациялау аудитінің нәтижесі бойынша, «KEGOC» АҚ-ның біріктірілген менеджмент жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкес деп танылды.  Сертификаттар Қазақстан БӘЖ-інің Жүйелік оператор қызметін орындау, электр энергиясын тарату жөніндегі нарық нысандарына жүйелік қызмет көрсету, «KEGOC» АҚ-ның барлық ЖЭТ филиалдарына және «Энергоинформ» АҚ таратылатын электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру және техникалық диспетчерлеу қызметтерін қамтиды.

Аудитті "ARG Group LTD" ЖШС Концорциумы және өз кезегінде TÜV NORD (Германия) сертификациялау жөніндегі органның серіктесі болып табылатын "ТЮФ НОРД Украина" ААҚ өткізді.

Сертификациялау жөніндегі орган өкілдері «KEGOC» АҚ-ның табысты дамуына барлық алғышарттары бар екенін, дәлірек айтқанда БМЖ қолдау мен жетілдіруге қатысты басшылық пен қызметкерлердің жоғары ынталылығын, сонымен бірге осы жұмысқа жүйелік көзқарастың қалыптасқанын атап өтті.  

Байланыс ақпараты

010010, Қазақстан Республикасы

Астана қ., Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғ., 59,

Тел.: +7 (7172) 690-468, +7 (7172) 690-203
Факс: +7 (7172) 690-455
e-mail: kegoc@kegoc.kz 

Компания туралы ақпарат 

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 36,38 ГВА болатын  77 қосалқы  электр  станциясы бар. Компанияда  ЕТМ (Еншілес және тәуелді мекемелерді) қосқанда, 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық  ақпараттар оның корпоративтік Интернет-ресурсында – www.kegoc.kz  орналастырылған. 



..