«KEGOC» АҚ бірқатар қызметкерлері азаматтық қорғаныс жөніндегі дәрістерге қатысты

Қазақ

2018 жылы қыркүйек-қазан айларында Компанияның бір топ қызметкерлері Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырған азаматтық қорғаныс жөніндегі дәрістерге қатысты. Негізгі мақсат – қатысушыларды азаматтық қорғану саласын реттейтін негізгі заңнамалармен таныстыру және төтенше жағдайда туындайтын тәжірибелік іс-амалдарды қалыптастыру. 

Оқу барысында қатысушылар азаматтық қорғаныс пен өрт қауіпсіздігінің негіздерімен, төтенше жағдайлардан зардап шеккен адамдарға бірінші көмек көрсету тәжірибелерімен танысты. Үш күндік оқу курстарының қорытындысы бойынша қатысушылар тест тапсырды. Жоғары ұпай жинаған қызметкерлерге тиісті сертификаттар үлестірілді. 

Төтенше жағдайлар департаменті жыл сайын 900-ден астам мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік сыңайлы сектордағы компания қызметкерлеріне дәрістер өткізеді. Биыл KEGOC компаниясынан 21 қызметкер оқып, арнайы сертификаттарға ие болды.