«KEGOC» АҚ бірқатар қызметкерлері мемлекеттік марапаттарға ие болды

Қазақ

Еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 29 қарашадағы № 207  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері мен қоғамдағы белсенді қызметтері үшін бір топ қазақстандықтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында «КЕGОС» АҚ қызметкерлері де бар.

«КЕGОС» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев марапаттарды коронавирус инфекциясының алдын алу және таратпау мақсатында онлайн-форматында табыстады. 

 

«KEGOC» АҚ Аппарат басшысы – Адами ресурстарды басқару жөніндегі Басқарушы директор Бексары Жаңабай Мұратбекұлы және «Ақмола ЖЭТ» филиалының директоры Алшынбеков Жаңабай Жұмәділұлы «Құрмет» орденімен марапатталды. 

Сондай-ақ,  «КЕGОС» АҚ «Ақтөбе ЖЭТ» филиалының директоры Рыскелді Серiкбай  Еркiнұлы мен Пайдалану департаментінің директоры Арыстанов Бауыржан Пірімтайұлы «Ерен еңбегі үшін»  медалімен марапатталды.     

Сондай-ақ, «КЕGОС» АҚ бір топ қызметкерлері «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасына ие болды.

Марапат иелерін осы айтулы оқиғамен құттықтап, әріптестерімізге мол табыстар мен теңдессіз жетістіктер тілейміз!