«KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасын ресми түрде іске қосты

Қазақ

13.05.2015

«KEGOC» АҚ Бизнесті трансформациялау бағдарламасын ресми түрде іске қосты

«KEGOC» АҚ ағымдағы жылы 13 мамырда қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған Бизнесті трансформациялау бағдарламасы іске асырыла бастағаны туралы хабарлады.   

Салтанатты рәсімге «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ө.Е. Шөкеев, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Б.Т. Қажиев қатысты.  

Іс-шараға қатысушылар алдында Бақытжан Қажиев Трансформациялау бағдарламасы компанияны іштей шолуға, инвестициялық және операциялық қызмет тиімділігі көрсеткіштерін бағалауға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Бизнесті трансформациялау процестерді, технологияларды және компания қызметкерлерінің негізгі құзыреттерін бір мезетте өзгертуді қарастырады. Дәл осы үш компонентті кешенді дамыту компанияның бұдан әрі дамуын айқындайды.   

- Бағдарламаны іске асыру барысында компанияға диагностика жүргізіліп, қорытындысы бойынша мақсатты бизнес-процестер құрылады, компания мен персонал қызметін бағалау жүйесі жаңартылады. ...Бұдан әрі біз компания қызметіне өзгерістер енгізу жоспарын әзірлейміз. Бұл өзгерістер KEGOC-тың тиімді, ұзақ мерзімді және тұрақты дамуын қамтамасыз ететін болады, - деді өз сөзінде «KEGOC» АҚ басшысы.

Компания ұжымы аталған бағдарлама шеңберінде іске асырылатын  қызмет тиімділігін арттыруға қажетті жоғары күш-жігерге ие. Барлық қызметкерлерге компания қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізу мүмкіндігі берілетін болады. Мұндай ұсыныстарды Бизнесті трансформациялау орталығы қарастырады, ал олардың аса маңызды бөлігін Басқарма мүшелері, Қор және Директорлар кеңесі өкілдері қамтылған Компанияны жаңғырту жөніндегі кеңесте талқыланатын болады. 

Мұндай өзгерістер компанияның тұрақтылығын, ішкі және сыртқы факторлардан болуы мүмкін өзгерістерге жедел әрекет көрсетуді қамтамасыз етеді, сонымен қатар қызметкерлерді тың бастамаларға жетелеп, олардың кәсіби және жеке әлеуетін аша түспек.    



..