«KEGOC» АҚ-да Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған спорттық турнир өтуде

Қазақ

17.08.2015

«KEGOC» АҚ-да Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған спорттық турнир өтуде

Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 20 жыл толуына орай, 17 тамызда «KEGOC» АҚ мен еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметкерлері арасындағы спорттық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Дәл осы күні жеребе тасталып, жарыстың негізгі ережелері түсіндірілді және талқыланды.

Спорттық жарыстың мақсаты ұжымды біріктіру, сонымен қатар Компания қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау. Шараға KEGOC компаниясының жастар кеңесі бастамашылық көрсетті. 

«KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы, «Энергоинформ» АҚ, ЖО ҰДО және «Ақмола ЖЭТ» филиалдарының қызметкерлері төмендегі спорт түрлері бойынша жүлделі орындар үшін бақ сынасатын болады: мини-футбол, волейбол, баскетбол, суда жүзу және спорттық эстафета.

Жарыс 26 тамызда аяқталады, ал тамыздың 27 күні қорытынды нәтижелері шығарылғаннан кейін жеңімпаз атанған командаға бір реттік Чемпион кубогы табысталады.

               



..