KEGOC АҚ-да өткізілген ақпараттық күні ең маңызды деген Трансформациялау жобасы анықталды

Қазақ

KEGOC-тың Бизнесті транформациялау бағдарламасы нәтижелеріне арналған ақпараттық күн ерекше форматта өткізілді. Іс-шараға қатысушылар Трансформациялау жобаларының демеушілері қатысқан бірегей ток-шоудың куәсі болды. Ток-шоу қорытындысы бойынша көрермендер ең маңызды Трансформациялау жобасына онлайн дауыс берді.      

Іс-шараға «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев және компанияның ТОП-менеджменті, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, «Самұрық-Қазына» АҚ Трансформациялау, қайта құрылымдау және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Нұрлан Рахметов, Қордың Орталық трансформациялау командасының басшылығы мен мүшелері, «Қазмұнайгаз» АҚ, «Қазақстантеміржолы» АҚ, «Қазатомпром» АҚ, «Қазпочта» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ ұлттық компанияларының өкілдері және компания мен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар 9 өңірлік «Жүйеаралық электр тораптары» филиалдары да іс-шараға нақты уақыт режимінде қосылды.  

Іс-шараға қатысушылармен амандасқан соң Нұрлан Рахметов KEGOC-тың жетістіктері мен көшбасшылық қасиетіне тоқталды. «KEGOC - алға қарай батыл қадам басқан компания. Компания акцияларының биржада бағалануы KEGOC-тың алға қарай сенімді қадам басып, алдына үлкен міндеттер қоюға дайын, өз күшіне сенімді және жеткілікті түрде кемелденген компания екенін растайды. Тіпті KEGOC-ты түрлендірудің өршіл бағдарламасы да 100 пайызға орындалып келеді. Басқа бір де бір портфелді компания осындай нәтижелерге қол жеткізген емес. Бұның барлығы нәтижеге жұмыс істейтін адамдар мен ұжымға дұрыс бағыт беретін тиімді менеджмент арқасында деп ойлаймын. Компанияға бұдан әрі де мол табысқа жете беруіне тілектеспін!»    

Ток-шоу барысында алты Трансформациялау жобасынан алынған пайда мен нәтиже туралы Жоба демеушілері Айбек Ботабеков (Кәсіпорын процестерін ендіру), Нұрлан Мұханов (Сатып алуды санаттық басқару), Төлеген Сафуани (Ақпараттық қауіпсіздіктің нысаналы моделін ендіру), Ануар Әбдіғалиев (Деректер беруге арналған талшықты-оптикалық байланыс желілерін дамыту), Мұхтар Бекенов (Жүйелік қызмет көрсету процестерін жетілдіру) және Әскербек Қуанышбаев (WACS/WAMS синхрофазорлық технологиялар негізінде мониторингтеу және басқару жүйесін ендіру) баяндады. Барлығынан озық шығып, көрермендердің көңілін жаулау үшін спикерлер 3 минут ішінде өз жобалары туралы барлық қажетті ақпаратты өте тиімді жеткізуге тырысуы тиіс. Жауап беруді қиындатып, тіпті кейде жетекшілік ететін бағыттың теріс аспектілерін ашуға әкелетіндей қолайсыз сұрақтар қойған опоненттер спикерлердің міндетін одан сайын күрделендірді.   

Дауыс беруге 6 000 адам қатысты. Дебат қорытындылары бойынша көрермендер «KEGOC» АҚ бизнесі үшін ең маңызды Трансформациялау жобасы ретінде «Қызмет көрсету процестерін жетілдіру» жобасын таңдады. Бұл жоба шеңберінде ағымдағы жылдың қаңтар айында Биллингтік ақпараттық жүйе іске қосылған болатын. Ол үшін респонденттердің 31%-дан астамы дауыс берді. 

KEGOC-тағы Биллингтік жүйені енгізілген өзгерістер ауқымы бойынша бірегей деп те атауға болады. Деректерді тұтынушылармен есеп айырысу жүйесіне ендіру процесі автоматтандырылды, ал бұл энергия нарығының шамамен 260 субъектісі болып табылады. Бұл субъектілер «Жеке кабинет» арқылы тұтыну, шарттар, ақы есептеу және төлеу туралы өзекті ақпаратқа, есептік кезеңдегі мәліметтерге және т.б. қол жеткізе алды. Сонымен қатар, Компания курьерлік шығыстарға жұмсалатын шығын 50%-ға, байланыс қызметтері бойынша жыл сайынғы лимитке жұмсалатын шығын 15%-ға қысқарады, сондай-ақ адами факторға байланысты тәуекелдер азайып, теңгерімдерді қалыптастыру және талдамалы есептерді дайындау мерзімі қысқарады деп күтуде.    

Аппарат басшысы Болатбек Омаров Корпоративтік мәдениетті дамыту туралы баяндама оқыды. Ол корпоративтік мәдениеттің KEGOC қызметіне әсері туралы әңгімеледі. Компания құрылған уақыттан бері 20 жыл ішінде корпоративтік мәдениет қалыптасты, соның арқасында Компания өндірістік қызмет пен корпорпативтік басқарудың жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізді. Қордың портфелді компаниялары арасында персоналдың қатыстырылуы мен әлеуметтік тұрақтылық индексі бойынша алдыңғы қатарда тұр.    

2017 жылдың соңында «Самұрық-Қазына» АҚ бастамасы бойынша KEGOC портфельдік компаниялардың алғашқысы болып корпоративтік мәдениетті дамыту жобасын іске асыруға кірісті. Бұл корпоративтік мәдениетке жаңа көзқараспен қарауға, бағаны қалыптастырып, оны бұдан әрі дамыту бойынша мақсатты байқай білуге мүмкіндік берді. 2020 жылға дейінгі Жол картасында корпоративтік мәдениетті бұдан әрі жетілдіру бойынша нақты бағыттар және нысаналы моделге қол жеткізу іс-шаралары белгіленген.  

«Ботабекофф – Шаш Off» атты шоу демеушілікке тарту мен төзімділіктің теңдессіз үлгісі болды. Компанияда SAP-тың базалық функционалы ендірілетін болса, келесі өткізілетін ақпараттық күні шашымды алғызамын деп уәде берген Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директор Айбек Ботабеков уәдесінде тұрып, сахнада жұртшылық алдында шашын алдыртты.     

2019 жылғы 3 қаңтарда 11 бизнес бағыты бойынша кәсіпорынның базалық процестері ендірілді.  Жоба компанияның өндірістік және басқа да қызмет түрінің тиімділігін, айқындығы мен сапасын арттыруға, ескішіл оперцияларды, адами фактордың әсерін қысқартуға, есептеме мен деректер талдауын жедел құруға бағытталған. Сонымен қатар, бизнес-процестердің жаңа моделі «KEGOC» АҚ-да басқарушылық шешім қабылдау сапасына әсер етеді, сондай-ақ бұдан әрі тұрақты дамуды қолдайтын компания қызметкерлері қатарынан «құзырет орталығын» құру мен үздіксіз жетілдіру мәдениетін дамытуға себеп болады.   

Сонымен қатар жобаның бірінші кезегінің жұмысы 2019 жылдың соңына дейін «KEGOC» АҚ-да автоматтандыруды дамыту және кеңейтілген бизнес-процестерді ендіру үшін негіз болады деп күтілуде.

Ақпараттық күн қарсаңында өткізілген «Шеф, я надел каску!» («Шеф, мен каска кидім!») атты флешмоб бағдарламаның ең шарықтаған шегі болды. Бір апта бойы компания қызметкерлері әлеуметтік желілерде 180-нен астам фотосуреттер мен бейнежазбалар жариялады. Энергетиктер арнайы әсерлі безендіруді қолдана отырып, ерекше сюжеттер, креативтік қойылымдар арқылы өздерінің корпоративтік құндылықтарға және өндірісте қауіпсіздік техникасын сақтауға берілгендігін көрсетті. Бұл қайталанбас ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлап, компания қызметкерлерінің ұйымшылдығы мен корпоративтік рухының күші зор екенін байқатты.         

 

KEGOC-та ақпараттық күндер жыл сайын өткізіліп отырады, бұл сонымен қатар компания қызметкерлері мен басшылары арасындағы байланыстың маңызды құралы болып табылады. Қол жеткізілген нәтижелерді көрсетіп, бұдан кейінгі жоспарларды хабарлап айту Трансформациялау бағдарламасына мүдделі барлық тұлғаларды тартуды, Компанияны түрлендіру бағдарламасының тиімді іске асырылуын қамтамасыз етеді.