«KEGOC» АҚ дивидендтер төлегені туралы

Қазақ

«KEGOC» АҚ 16.11.2015 ж. және 07.12.2015 ж. аралығында миноритарлық акционерлерге 2015 жылғы бірінші жартыжылдыққа «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша (KZ1C34930012) дивидендтер төлегені туралы хабарлайды.      

«KEGOC» АҚ мен ірі акционер - «Самұрық-Қазына» АҚ арасында жасалған 31.12.2015ж. келісімге сәйкес «KEGOC» АҚ 2015 жылғы бірінші жарты жылдыққа  «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ2 199 600 009,40 (екі миллиард жүз тоқсан тоғыз миллион алты жүз мың тоғыз теңге, 40 тиын) теңге мөлшерінде дивидендтер төлеу мерзімін 31.12.2016ж. дейін ұзартты.    

 

1.2015 жылғы бірінші жарты жылдықтағы қызмет қорытындылары бойынша «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешімді 2015 жылғы 15 қазанда «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қабылдады (№2 хаттама).   

 

2.Дивидендтер төленетін кезең - 2015 жылғы 1 қаңтар мен 30 маусым аралығы. 


3. Бір жай акция үшін дивидендтер мөлшері –
9,40 (тоғыз теңге, 40 тиын) теңге.


4.Дивидендтер түрінде төленуі тиіс құралдардың жалпы сомасы –
2 444 000 000 (екі миллиард төрт жүз қырық төрт миллион) теңге.

5.Дивидендтер түрінде төленген құралдардың жалпы сомасы – 244 399 990,60 (екі жүз қырық төрт миллион үш жүз тоқсан тоғыз мың тоғыз жүз тоқсан теңге, 60 тиын) теңге.   

6.«KEGOC» АҚ-ның 2015 жылғы бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер алуға құқығы бар акционерлерінің тізімі 2015 жылғы 30 қазандағы 00 сағат 00 минуттағы жай-күй бойынша тіркелді.