«KEGOC» АҚ энергетика саласына дарынды жастарды тарту мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» оқушыларын компания жұмысымен таныстырды

Қазақ

05.11.2015

«KEGOC» АҚ энергетика саласына дарынды жастарды тарту мақсатында «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» оқушыларын компания жұмысымен таныстырды

           Ағымдағы жылдың 4 қарашасында «Назарбаев Зияткерлік мектебі» 10-сыныбының оқушылары «KEGOC» АҚ-ның орталық офисіне келіп, ғимаратты аралап, жұмыс барысымен танысты.

Бұл іс-шараның  мақсаты – кәсіби бағдар беру аясында дарынды жастарды электр энергетикасы саласына тарту.

Қазақстанның Басты электр желілік компаниясының жұмысымен танысуға 30 оқушы ықылас танытты.

Экскурсия барысында мектеп оқушылары «KEGOC» АҚ қызметімен, Ұлттық электр энергетикалық торабын (ҰЭТ) жаңғырту барысымен, Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) даму бағыттарымен танысты.

Оқушылар сондай-ақ, БЭЖ Жүйелік Операторының Ұлттық Диспетчерлік орталығын аралап, оның тарихымен, жұмыс ерекшелігімен және ұжымымен танысты.

Сонымен қатар, «KEGOC» АҚ Жастар Кеңесі мектеп оқушылары үшін физика саласы бойынша танымдық викторина ұйымдастырды, сайысқа қатысып, белсенділік және алғырлық танытқан балалар жүлдеге ие болды.

Қонақтар мерекелік көңіл-күйді сезініп, жағымды әсер алуы үшін «Көңілді старт» өткізілді, ол жерде компания жастары мектеп оқушыларымен бірге спорт сайыстарына қатысты.

Бұл шараны «KEGOC» АҚ-ның кәсіби бағдар беру бағытында жүргізіп жатқан жұмыстарының жалғасы деуге болады. Ағымдағы жылдың сәуір айында «KEGOC» АҚ қызметкерлері Астана қ. «Назарбаев Зияткерлік мектебінің»  физика-математика бағытындағы мектеп оқушыларымен таныстыру кездесуін өткізген болатын. Оқушылардың көпшілігі үшін бұл кездесу «KEGOC» АҚ қызметімен және электр энергетикасы саласымен алғашқы танысу болған еді.

Сондай-ақ ү.ж. қазан айында «KEGOC» АҚ-ның «Ақмола» ЖЭТ филиалында қалалық орта мектептердің 9-сынып оқушылары үшін Ашық есік күні өткен болатын. Бұл іс-шара асында №37 және №72 орта мектеп оқушылары «ЦГПП-500кВ» қосалқы станциясын және Ақмола өңірлік диспетчерлік орталығының (ӨДО) диспетчерлік басқару пунктін аралады.

 

 

 

 

 

 

 

               

 



http://www.kegoc.kz/en/press-center/press-releases/in-order-to-attract-young-talents-to-the-electricity-industry-kegoc-showcased-the-company-s-work-for/">..