«KEGOC» АҚ филиал басшыларымен жыл сайынғы мәжілісін өткізді

Қазақ

05.03.2012

«KEGOC» АҚ филиал басшыларымен жыл сайынғы мәжілісін өткізді

2012 жылғы 5 наурыз

Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы - «Электр желілерін басқару жөніндегіҚазақстан компаниясы» («KEGOC») АҚ филиал басшыларының қатысуымен болған мәжілісте  2011 жылғы жұмысқорытындылары қаралғанын және 2012 жылға міндеттер айқындалғанын хабарлады.

 Мәжіліс барысында тоғыз ЖЭТ филиалының басшылары өндірістік-қаржылық қызмет нәтижелері туралы есеп берді. Өңірлік бөлімше жетекшілері Қазақстан БЭЖ-дегі электр энергиясын өндіру-тұтынудың ұлғаюына байланысты операциялық және қаржылық көрсеткіштердің өсіп отырғандығын атап өтті.

Сондай-ақ мәжілісте жұмысты жоспарлау мен ұйымдастырудың, компанияның аумақтық бөлімшелері көрсететін қызметтер сапасының өзекті мәселелері қаралды.

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев өз сөзінде өндірістік-қаржылық қызмет тиімділігін арттыру, шығыстарды оңтайландыру және қауіпсіздік техникасын жақсарту қажеттігін атап көрсетті. 2012 жылғы жөндеу науқанын өткізу және кезекті күз-қыс мезгіліндегі даярлық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ мәжілісте  Қазақстан ҰЭТ-н дамыту бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі міндеттер айқындалды. Ағымдағы жылы «ҰЭТ жаңғырту. 2-кезең», «Кернеуі 500 кВ, 220 кВ желілермен Қазақстан ҰЭТ-не жалғаумен бірге Алма ҚС құрылысы» жобалары белсенді белеске шығады, «Мойнақ ГЭС қуатын беру» жобасы аяқталады.       

Аталған жобаларды табысты іске асыру «KEGOC» АҚ-на  энергиямен жабдықтаудың сапасы мен сенімділігін жақсартуға, қоршаған ортаға ықпалын азайтуға, сондай-ақ  компанияның тұтастай бәсекеге қабілеттігін арттыруға мүмкіндік береді.

Көзделген мақсаттарға сәйкес компания жұмыстар атқару, тауарлар мен қызмет көрсетулерді ұсыну үшін  қазақстандық мердігерлерді белсенді түрде тартуды жалғастыруда және 2011 жылдың қорытындылары бойынша олардың үлесі  60%-ға жетті.

 Баспасөз үшін байланыс

Марат Мұхамедсалиев,
тел.: +7(7172) 97-04-15
pressa@kegoc.kz

 Компания туралы ақпарат

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады.  Негізгі қызмет түрлері табиғи монополия аясына жатады. Компания теңгерімінде кернеуі 110-1150 кВ, ұзындығы  24,1 мың км. электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 34 ГВА болатын 74 электр қосалқы станциясы бар, олардың барлығы ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайды. Компанияда 4 мыңнан астам  адам жұмыс істейді. Толық ақпаратты  www.kegoc.kz сайтынан алуға болады.