«KEGOC» АҚ Қазақстанның ең тиімді ұлттық компанияларының бірі ретінде танылды

Қазақ

09.10.2014

«KEGOC» АҚ Қазақстанның ең тиімді ұлттық компанияларының бірі ретінде танылды

Астана, 2014 жылғы 09 қазанда – «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (бұдан әрі – «KEGOC» АҚ немесе «Компания») «Рейтинг.kz» Зерттеу агенттігі жүргізген сараптамалық сауалнама нәтижелері бойынша Қазақстанның ең тиімді ұлттық компаниялары арасында 2014 жылдың 9 айындағы көрсеткіштері үшін екінші орынға ие болды.  

Сауалнама ұлттық компаниялардың 2014 жылғы 9 айдағы жұмыс сапасына неғұрлым әділ баға беру мақсатында бизнес саласы, үкіметтік емес ұйымдар мен талдау жасайтын қоғамдастық өкілдерінен құралған 60 сарапшы арасында өткізілді. Бағалау даму бағдарламасы мен жекелеген салалық жобаларды жүзеге асырудағы жетістіктерді, соңғы тұтынушылармен жұмыс жүргізу сапасын, экономикалық даму болашағын, үздік жобаларды, әлеуметтік бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асырылуын және т.б. қамтитын 10 өлшем бойынша жүргізілді.

Зерттеу нәтижелері орташа балды есептеп шығару тәсілімен  дескриптивтік статистикаларды қолдану арқылы SPSS әмбебап статистикалық бағдарламасының көмегімен өңделді. Жалпы рейтингтік көрсеткіштерді есептеу үшін зерттеу нәтижелеріне арифметикалық амалдар қолданылды. Бұл рәсім «таразы» қолдану арқылы орташа арифметикалық баллдарды қосу және шығару тәсілімен өткізілді.

Компания туралы ақпарат

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және  трансформаторларының белгіленген қуаты 36,38 ГВА болатын 77 қосалқы  электр  станциясы бар. Компанияда  ЕБҰ-ны қоса алғанда 4,7 мыңнан  астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық  ақпаратты  www.kegoc.kz  сайтынан алуға болады

 

Баспасөзбен байланыс:

+7 (7172) 690-468

pressa@kegoc.kz



..