«KEGOC» АҚ командасы Бригадалардың 110 кВ және одан жоғары ӘЖ қызмет көрсету және жөндеу бойынша ХІІ халықаралық жарысында жалпыкомандалық екінші орынды иеленді

Қазақ

25.09.2015

«KEGOC» АҚ командасы Бригадалардың 110 кВ және одан жоғары ӘЖ қызмет көрсету және жөндеу бойынша ХІІ халықаралық жарысында жалпыкомандалық екінші орынды иеленді

24 қыркүйекте Брест қаласында (Беларусь Республикасы) ТМД қатысушы-мемлекеттері электр энергетика саласындағы персоналдарының кәсіби шеберліктерінің ХІІ халықаралық бәсекесі – Бригадалардың 110 кВ және одан жоғары ӘЖ қызмет көрсету және жөндеу бойынша ХІІ халықаралық жарысы мәреге жетті.

Қазақстанның намысын қорғаған «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалы командасы екінші орынды иеленді. Мәртебелі бірінші орынды сайыс иесі – Беларусь Республикасының бригадасы иеленді. Үшінші орын Грузия өкілдеріне бұйырды. Алты кезеңнен тұрған жарысқа барлығы алты команда: Беларусь Республикасы, Грузия, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Өзбекстан Республикасы қатысты.

Қазақстандық бригада «Қолданыстағы ереже, нұсқаулық және қағидалар туралы білімін тексеру» кезеңінде бірінші орынды, «220 кВ ӘЖ-де У-36М тұрпатындағы анкерлік тіректе кермелі фаза бекітпесінің ПС160 №10–11 маркалы ақаулы оқшаулатқыштарын алмастыру» кезеңінде екінші орынды, «220 кВ ӘЖ-де ПБ220-1 тұрпатындағы аралық тіректе ұстап тұрушы фаза аспасында ПСД70 №12-13 маркалы ақаулы оқшаулатқыштарын алмастыру» кезеңінде үшінші орынды иеленді.

Жарыс қорытындысы бойынша, Берік Адамов жетекшілік жасаған, құрамында Сергей Терентьев, Александр Лисицкий, Айдар Кодорменов, Николай Киселев және команда басшысы бар «KEGOC» АҚ командасы ІІ орынды жеңіп алды.

Байланыс ақпараты

Тәуелсіздік даңғылы, 59, Алматы р., Астана қ.,

Қазақстан Республикасы, 010010

Тел.: +7 (7172) 690-468, +7 (7172) 690-203
Факс: +7 (7172) 690-455
e-mail: kegoc@kegoc.kz

Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,5 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 36,38 ГВА болатын  77 қосалқы  электр  станциясы бар. Компанияда  ЕТМ (Еншілес және тәуелді мекемелерді) қосқанда, 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық  ақпараттар оның корпоративтік Интернет-ресурсында – www.kegoc.kz  орналастырылған.



..