«KEGOC» АҚ құрама командасы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының арасында өткен ІІІ Спартакиада жарыстарына қатысты

Қазақ

21.09.2015

«KEGOC» АҚ құрама командасы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының арасында өткен ІІІ Спартакиада жарыстарына қатысты

Қыркүйектің 19-20 күндері Астанадағы «Назарбаев Университеті» спорттық кешенінде «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында дәстүрлі ІІІ Спартакиада болып өтті. Биылғы жарыс спорттың бес түрі бойынша өткізілді: мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, шахмат және армрестлинг. Спорттық бәсекелерде «Самұрық-Қазына» АҚ құрамына кіретін компаниялардан құралған 19 құрама командасы кездесті.

Жарыс қатысушыларына Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, қазақстандық танымал спортшылар Серік Сәпиев, Жансая Әбдімәлік, Бейбіт Ыстыбаев, Ардақ Отарбаев және т.б. сынды құрметті қонақтар сәттілік тіледі.

Спартакиаданың қорытындысы бойынша «KEGOC» АҚ құрама командасы жақсы нәтижелер көрсетті, мини-футбол бойынша 5-8-ші, волейбол бойынша 1-ші, шахматтан – 5-ші, үстел тениисінен әйелдер арасында – 3-ші, ерлер арасында – 7-ші, армрестлингтен – 5-ші орындарды иеленді. Барлық ойындар бойынша ұпай санының нәтижесінде (115,5 ұпай) «KEGOC» АҚ командасы мәртебелі төртінші орынға ие болды.

Спорттық командаға Қор компаниялар тобының жанкүйерлері арасында саны жағынан басым түскен және құрамаға жоғары рух сыйлап, жігерлендірген «KEGOC» АҚ жанкүйерлер тобы айтарлықтай демеу болды. Осы күні ата-аналарымен бірге жанкүйер бола келген балалар да арнайы ұйымдастырылған балалар алаңында белсенді ойындар ойнап, айтулы шараның сәнін кіргізді.