«KEGOC» АҚ құрама командасы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы ІV Спартакиадасында екінші орынға ие болды

Қазақ

    2016 жылғы қыркүйектің 9-11 күндері аралығында Назарбаев Университеті спорткомплексі базасында жыл сайынғы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы IV Спартиакиада болып өтті. Биыл спорттық жарысқа 19 компаниядан құралған командалар қатысты, соның бірі «KEGOC» АҚ құрама командасы. Екі күннің ішінде спортшылар волейбол, мини-футбол, шахмат, армрестлинг және үстел теннисі бойынша бақ сынасты.   

     KEGOC өкілдері волейбол (1 орын), мини-футбол (4 орын), армрестлинг (5 орын), шахмат (3 орын), үстел теннисінен (2 орын) өте жоғары нәтижелерімен лайықты өнер көрсетті. Жалпы ұпай саны нәтижесінде «KEGOC» АҚ құрама командасы екінші орынға ие болды.

     Осы спорттық демалыс күндері балаларын салауатты өмір сүру мәдениетіне баули келген жанкүйерлер спортшыларға жеңіске жетулеріңе демеу беріп, командалық рух сыйлады.