«KEGOC» АҚ қызметкерлері 50 баланы мектепке даярлауға көмектесті

Қазақ

19.08.2015

«KEGOC» АҚ қызметкерлері 50 баланы мектепке даярлауға көмектесті

«Балаларды мектепке даярлаймыз» атты қайырылымдылық акциясын жүзеге асыру шеңберінде «KEGOC» АҚ ұжымы материалдық жағдайы төмен жетім балаларға, көпбалалы және әлеуметтік қорғалмаған отбасы балаларына атаулы көмек көрсетті.

Тамыздың 19 күні «Арсенал» кинотеатрында мектепке қажеттінің барлығы салынған аспалы сөмкелер табысталды.

Компания қызметкерлері мектепке қажетті кеңсе құралдарының стандартты жиынтығымен жабдықталған 50 аспалы сөмке алды. Әр жиынтық 24 заттан тұрады: күнделік, сурет салуға арналған альбом, қарындаш, сызғыш, қылқалам жиынтығы, кітап тыстары, қаламсаптар, дәптерлер және өзге де оқуға қажетті құралдар.




..