"KEGOC" АҚ мен еңбек ұжымы өкілдері арасында 2016-2020 жж. арналған жаңа ұжымдық шарт

Қазақ

Ағымдағы жылдың 9 қыркүйегінде «KEGOC» АҚ мен қызметкерлер өкілдерінің арасында 2016-2020 жж. арналған ұжымдық шартты қабылдау бойынша конференция өтті.Конференция жұмысына компанияның және Энерготехникалық сала еңбеккерлерінің салалық кәсіподағы басшылары, Атқарушы дирекцияның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері, компания филиалдарынан делегаттар, Ұжымдық келіссөздер жүргізуге, жобаны дайындауға және Ұжымдық шарттың орындалуын бақылауға арналған комиссия мүшелері, сондай-ақ Қазақстанның еңбек конфедерациясы Республикалық кәсіподақтар бірлестігінің уәкілетті өкілі Бақыт Қаппаров қатысты.

Ұжымдық шарт жобасы компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінде алдын ала қаралды және талқыланды. Ұжымдық шартты жаңғырту және кейіннен оның орындалуын бақылау бойынша барлық жұмысты екі тарап тепе-теңдік негізінде жүзеге асыратындығын айрықша атап өту керек.

Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев өткізілген іс-шара мәнінің маңыздылығын атап өтті және қатысушылардың назарын әлеуметтік-еңбек қарым-қатынасын дамыту «KEGOC» АҚ қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылатындағына аударды, себебі адам кез-келген өндірістік процестің өзегі болып табылады. Ол қолданыстағы Ұжымдық шарт өзінің негізділігін дәлелдегендігін атап өтті. Сонымен қатар, Компания әлеуметтік-еңбек қарым-қатынасын дамыту бойынша жұмысын жалғастыруда. Жаңа Ұжымдық шарттың әзірленуін талап еткен ішкі және сыртқы ортада өзгерістер болды. Жоба Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының өзгерістерін, сондай-ақ әлеуметтік серіктестіктің жұмыс беруші мен қызметкерлер арасындағы өзара қатынастарындағы рөлінің күшеюін ескере отырып, әзірленді. Әзірленген және қол қоюға ұсынылған Ұжымдық шарт жобасында ҚР заңнамасындағы өзгерістер, біздің негізгі акционер «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның Кадр саясаты, Компания мен кәсіподақ қызметкерлерінің ұсыныстары ескерілді.

KEGOC табиғи монополист болғанымен, қызметкерлердің барлық әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін оның ресурстарының шектеулі екендігін атап өту керек. Дегенмен, бірлесіп жасалған жұмыс, соның ішінде конференцияға шығарылған жеке мәселелер бойынша жұмыстар Комиссия тараптарын қанағаттандырды.

Компания басшылығы еңбек ұжымының түсіністікпен қарап, көрсеткен қолдауын жоғары бағалайды және әлеуметтік серіктестік мәселелері бойынша өз мүмкіндіктері шеңберінде кәсіподақпен өзара сындарлы іс-қимыл жасауға әрдайым дайын. Жұмыс беруші мен Кәсіподақ комитеті шарт талаптарын бұлжытпай сақтауға, бір-бірінің мүдделерін құрметтеуге, конфронтацияға жол бермеуге, өзара түсіністікке қол жеткізуге міндеттенеді. Барлық даулы мәселелерді тараптар келіссөздер мен консультациялар жүргізу арқылы шешетін болады.