“KEGOC” АҚ «Мойнақ ГЭС-нің қуатын беру» жобасын табысты іске асырып келеді

Қазақ

27.09.2011

“KEGOC” АҚ «Мойнақ ГЭС-нің қуатын беру» жобасын табысты іске асырып келеді

 «Мойнақ ГЭС-нің қуатын  беру» жобасын іске асыру ҮИИДМБ  белгілеген мерзімге сәйкес   жүзеге асырылып келеді – бұл туралы «KEGOC» АҚ  Басқармасының төрағасы Бақытжан Қажиев Республика премьер-министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа  технологиялар министрі Әсет Исекешевтің  қатысуымен Алматы облысында  өткен  көшпелі кеңес  барысында хабарлады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қарашадағы  №1143 қаулысы мен Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасына сәйкес «KEGOC»     АҚ-ға  Біртұстас электр энергетикалық жүйесіне  Мойнақ ГЭС-інің  қуатын қосатын және оған беруді қамтамасыз ететін объектілердің құрылысын салу тапсырылған болатын.   

«Мойнақ ГЭС-нің қуатын  беру» жобасының жалпы құны  10,8 млрд. теңгені құрайды. Жоба қаржыландыру көздерімен толық қамтамасыз етілді – «KEGOC» АҚ ХҚДБ-мен мемлекеттік кепілдікпен  48 млн. USD сомасына несие шартын жасасты және 3,1 млрд. теңге  ұлттық  компанияның  жеке қаражатынан бөлініп отыр.

Жобаның ағымдағы  жайы:

Жобаның 1-ші кезеңі бойынша (Мойнақ ГЭС-нің 220кВ АТҚ-сын салу; 220кВ Робот ҚС-ны  кеңейту және  қайта құру; 220кВ Шелек  ҚС-ны қайта құру) «Кернеу Limited» ЖШС-мен  шарт жасалды (кілтпен тапсыру). Қазіргі уақытта  құрылыс-жинақтау жұмыстары  аяқталуға жақын,  релелік қорғау және  автоматтандыру жөніндегі  қосу-баптау жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Бірінші кезеңнің құны  - 3,1 млрд  теңге.

Жобаның 2-ші кезеңі  бойыншаа (Мойнақ ГЭС-і АТҚ 220кВ ӘЖ-ні –ұзақтығы 97,7 км 220кВ Шелек ҚС-ны салу; Мойнақ ГЭС-інің 220кВ АТҚ-сын – ұзақтығы 227,4 км 220кВ Робот ҚС-ны салу) КЕРСО және Huyndai Corporation консорциумымен (Корея) шарт жасалды. Қазіргі уақытта  объектілерде  құрылыс-жинақтау жұмыстарын аяқтау жүргізіліп жатыр. Жобаның 2-ші кезеңі бойынша  жұмыстардың құны  - 7,2 млрд. теңге. 

         Құрылыс жұмыстары басталғалы бері 230-ға дейін жұмыс орындарын ашу қамтамасыз етілді. Жобада  отандық өндірушілердің материалдары мен жабдықтары кеңінен пайдаланылды. Электр энергетикасының саласына арнап шығарылатын  өнімдердің барлығы дерлік:  темірбетон бұйымдары («Темірбетон» ЖШС), металл құрастырмалары («Метокон» ЖШС және  «Zhersu Metal» ЖШС), релелік қорғанысқа арналған шкафтар («Электросервис» АҚ және «Информэнерго» ЖШС), кабель өнімдері («Қазэнергокабель»  АҚ), қосалқы станциялардың трансформаторлық кешендері 10/0,4 кВ («Кентау трансформатор зауыты») пайдаланылды.