«KEGOC» АҚ номиналдық құны бойынша жалпы көлемі 9,7 млрд. облигация орналастырды

Қазақ

«KEGOC» АҚ 2020 жылғы 28 мамырда «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда алаңында жалпы көлемі 9,7 млрд., табыстылығы жылына 12 %, номиналдық құны бойынша 9,03 млрд. теңге сомасына облигацияларды ойдағыдай орналастырды. 

Бағалы қағаздар эмитенттің екінші облигациялық бағдарламасының бірінші шығарылымы шеңберінде 80 млрд. теңге жалпы көлемімен орналастырылды. Айналым мерзімі 15 жыл. Сауда-саттық нәтижесінде қатыстыру көлемі бойынша облигациялардың 89,6 %-ын ЕДБ, 9,9%-ын басқа институционалдық инвесторлар, 0,5 % -ын басқа да заңды тұлғалар сатып алды. 

Тартылған ақша қаражаттары «KEGOC» АҚ филиалдарының 220-500 кВ ӘЖ-лерін қайта құру», «Қазақстан БЭЖ-і Батыс аймағының электр торабын күшейту» инвестициялық жобаларын іске асыру үшін бағытталған. 

Әуелік электр жеткізу желілерін қайта құру электр желілерінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, электр энергиясын тұтынушылардың шығындарының көлемін оңтайландыруға мүмкіндік береді, «KEGOC» АҚ қызметінің тиімділігін арттырады. Сонымен қатар, жаңа электр желілік объектілерді салу есебінен Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Батыс аймағы тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігі артады.

Сондай-ақ, құрылыс-монтаждау жұмыстары кезінде қосымша жұмыс орындары пайда болатындықтан, жобалардың әлеуметтік маңызы бар. Бұл өз кезегінде экономиканың нақты секторының дамуына, халықтың жұмыспен қамтылуының және әл-ауқатының жоғарылауына, бюджетке салықтық төлемдердің  артуына оң ықпал етеді.

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функциясын атқарады, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтерін иеленеді және басқарады. Қызметтің негізгі түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрайтын ұзындығы шамамен 27 000 км болатын, кернеуі 220-1150 кВ электр жеткізу желілері және трансформаторларының белгіленген қуаты 36,0 ГВА болатын 80 қосалқы  электр станциялары бар. Компанияда 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.