«KEGOC» АҚ «Нұр Отан» партиясының бастауыш партия ұйымдарының конкурсында бірінші орынды иеленді

Қазақ

2016 жылғы 24 қазанда «НұрОтан» партиясының Астана қалалық филиалы «Үздік бастауыш партия ұйымы» қалалықконкурсының нәтижелерін қорытындылап, жеңімпаздарды құттықтады. Құрамы 100-ден 500-ге дейін болатын 2-санатты БПҰ арасында 1-орын үшін кубокты біздің  компания жеңіп алды.

Қаланың үздік Бастауыш партия ұйымы атағы үшін конкурс жыл сайын өткізіледі және үздік БПҰ-ды анықтауға, сондай-ақ олардың жұмыс тәжірибесін еліміздің барлық өңірлеріне таратуға, партия және өзге де сайланбалы лауазымдарға бұдан әрі жылжыту үшін ең құзыретті және белсенді БПҰ төрағаларының ішінен кадрлар резервін қалыптастыруға бағытталған. Конкурс жергілікті жерлерде бастауыш партия ұйымдарының жұмысын ынталандыру мен жандандыруға  шақыратынын атап өткен жөн. 

Іріктеу турынан кейін конкурсқа «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының 17 БПҰ қатысты. Конкурс барысында бастауыш партия ұйымдары орталық  аппаратының тірегі екені атап көрсетілді. Конкурс БПҰ жұмысының деңгейін дұрыс бағалау негізін қамтамасыз етеді. Кейінгі уақытта бастауыш партия ұйымдарының жауапкершілік деңгейі және партия жұмысының процесіне тартылуы айтарлықтай артты. Жастар арасынан жаңадан сайланған партия мүшелерінің саны артып келеді.

Конкурстың қазылар алқасының мүшелері жұмысты мынадай өлшемдер бойынша бағалады: партиялық жобаларды іске асыруға қатысу, партияішілік жұмыстар, партия жұмысында жаңа тәсілдерді пайдалану, азаматтық бастамаларға бастамышылық ету, БПҰ қызметін БАҚ-та жариялау, жастармен жұмыс және БПҰ басшысын бағалау.

Конкурс нәтижелері бойынша қатысушылар бағалы сыйлықтармен, жеңімпаздар – кубоктармен марапатталды. Бірінші санатта (100 партия мүшесіне дейін) бірінші орын «Теплотранзит» БПҰ-ға берілді, екінші орынды – «Тұңғыш», үшінші орынды - «ҚазИнжиниринг» иеленді. Екінші санатта  (100-ден  500 мүшеге дейін) бірінші орын  -  «KEGOС» АҚ-ның БПҰ-ға тапсырылды, екінші орынды - «ЦеснаБанк» БПҰ мен «Астана Зеленстрой» БПҰ бөлісті, үшінші орынға - «Республикалық диагностикалық орталық» БПҰ қол жеткізді. Үшінші санатта (500-ден астам партия мүшелері) бірінші орын «Халықаралық әуежай» БПҰ-ға, екінші орын - «Денсаулық» БПҰ-ға және үшінші орын - «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» БПҰ-ға берілді.

Қалалық конкурс жеңімпаздары «Үздік бастауыш партия ұйымы» атағы үшін республикалық деңгейде тартысатын болады.

Қазіргі таңда Астана қалалық партия филиалының қатарында 45 мыңнан астам партия мүшелері мен 350-ден астам бастапқы партия ұйымдары бар.