«KEGOC» АҚ-ның реттелетін қызметтері тарифтерінің шекті деңгейлері төмендегені туралы баспасөз хабарламасы

Қазақ

«KEGOC» АҚ Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы ретінде ел экономикасының тұрақты дамуын ескере отырып, электр энергиясын тұтыну мен өндірудің, сонымен қатар өзі ұсынатын қызметтер көлемінің өсуін болжап отыр.  

Сонымен қатар, 2018 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығымен 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап электр энергиясын өндіруші ұйымдар үшін электр энергиясының шекті тарифтері төмендетілді.

«KEGOC» АҚ осы екі факторға сүйене отырып, «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің келісімімен 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап мына реттелетін қызметтерге тұтынушылар үшін тарифтердің бекітілген шекті деңгейін төмендетеді:

- электр энергиясын жеткізу бойынша 2,823-тен 2,496 теңге/кВтс-қа дейін;

- электр энергиясын желіге босату мен тұтынуды техникалық диспетчерлендіру бойынша 0,306-дан 0,237 теңге/кВтс-қа дейін;

- электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімін ұйымдастыру бойынша 0,098-дан 0,088 теңге/кВтс-қа дейін.

«KEGOC» АҚ аталған шаралар қазақстандықтардың әл-ауқатына оң әсер етіп, Қазақстан экономикасының бұдан әрі дамуына негіз болады деп сенеді.

Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы қызметін атқарады, Ұлттық электр желісінің (ҰЭЖ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компания балансында кернеуі 110-1150 кВ ұзындығы 25 000 км электр жеткізу желілері және ҰЭТ құрайтын қуаттылығы 36,7 ГВА трансформаторлар орнатылған 78 қосалқы электр станциялары бар. Компанияда 4,7 мың адам қызмет етеді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік Интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.