«KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалының футболшылары Қарағанды облысы командаларының арасында «Маусымының ашылуы» кубогын жеңіп алды.

Қазақ

2020 жылғы қазанның 10-ы мен 18-ін қоса алған кезеңде Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы Қарағанды облысының командалары арасында футзал бойынша 2020-2021жж. «Маусымның ашылуы» турнирін өткізді. 

Турнирге 8 өңірлік команда, соның ішінде «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалының футболшылар командасы қатысты. Турнир барысында бұл команда барлық ойындарда жеңіске жетті! Финалдық матчта  1-2 орындар үшін топ жеңімпаздары – «KEGOC» – «Локомотив КТЖ» кездесті.

Ойын шиеленісті өтті, бәсекелестердің күштері теңбе-тең болды, алайда біздің әріптестеріміздің ауызбіршілігі күштірек болып, жеңіске жетулеріне өндірістік ұжымда қалыптасқан корпоративтік рух себеп болды. 

2-ші таймның басында «KEGOC» командасы қарсыластарының қақпасына екі гол сала отырып, ойынды жеңіп шығып, Қарағанды облысының командалары арасында «Маусымның ашылуы» кубогының жеңімпазы атанды.

Футзал бойынша «Маусымның ашылуы» турниріндегі жеңіс  «KEGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалының командасына Нұр-Сұлтан қаласындағы «AFL» (Астана футбол лигасы) аясындағы Республикалық турнирдің қысқы маусымына қатысу құқығын беретіндігін атап өткен жөн.

Аталған ойындар көрерменсіз, барлық карантиндік шараларды қатаң сақтай отырып өткізілді. Қазіргідей қиын кезеңде біздің спортшы-әріптестеріміз тек қана өздерінің функционалдық міндеттерін сапалы орындаумен шектелмей, сонымен қатар Компанияның корпоративтік рухын күшейте отырып, спортта белгілі бір жетістіктерге жетіп жатқандығын атап айтқанымыз абзал!