«KEGOC» АҚ өзінің қызметкерлері арасында спартакиада өткізуде

Қазақ

Бүгін, 2017 жылғы 24 қарашада Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOC» АҚ қызметкерлері арасындағы спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті. Аталмыш жарыс Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және «KEGOC» АҚ 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Ашылу салтанатына Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров және Қазақстан Республикасының спортқа еңбегі сіңген шебер, 2004 жылғы Афиныда өткен олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дмитрий Карпов қатысты. 

Энергетиктердің сайысы екі күнге созылады. Турнирлерге KEGOCАтқарушы дирекциясының, Жүйелік оператордың Ұлттық диспетчерлік орталығы (ЖО ҰДО), тоғыз өңірлік аймақтың, сонымен қатар «Энергоинформ» АҚ еншілес компаниясы қызметкерлерінен құралған барлығы 12 команда қатысады.

Командалардың қатысушылары спорттың мына түрлері бойынша жеңімпаз атағы үшін күреседі: мини-футбол, волейбол, үстел теннисі, армреслинг және шахмат.     

Аталған спартакиаданың компания қызметкерлерін салауатты өмір салтына және дене шынықтыру мен спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту мақсатында өткізілетіндігін ұйымдастырушылар атап өтеді. Осындай іс-шаралар халық арасында, қалың бұқара арасында спорттық іс-шараларды және салауатты өмір салты құндылықтарын насихаттаудың, сонымен қатар спорттың жекелеген түрлерін одан әрі дәріптеудің тамаша тәсілі.

Компания басшылығының пікірі бойынша, сайыстарды өткізу филиалдар арасындағы байланыстарды дамытуға және компания персоналының копоративтік рухын нығайтуға қызмет етеді.

Үздік спортшылар мен командалардың «Самұрық-Қазына» АҚ портфельдік компаниялары арасындағы спартакиадаларда KEGOC-тың намысын қорғайтындары маңызды фактор болып табылады. KEGOC құрама командаларының ол жерлерде жоғары орындар алулары кездейсоқтық емес.  2016 жылыжыл сайынғы «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы IV СпартакиададаKEGOCқұрама командасы волейболдан сайыста бірінші, үстел теннисінде – екінші, шахмат сайысында үшінші, мини-футболда төртінші орын алды, және нәтижесіндежалпы балл саны бойынша «KEGOC» АҚ құрама командасы 19 компанияның командалары арасында екінші орынды иеленді.

 

Компания туралы 

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасы Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы функцияларын орындайды, Ұлттық электр торабының (ҰЭТ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компанияның балансында ҰЭТ-ты құрап тұратын ұзындығы шамамен 25 000  км болатын 0,4-1150 кВ электр жеткізу желілері мен трансформаторларының белгіленген қуаты 36,7 ГВА 78 қосалқы электр станциялары бар. Компанияда 4,7 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік Интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.