«KEGOC» АҚ саладағы ірі инфрақұрылымдық жоба – «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитінің 500 кВ ӘЖ салуды» аяқтады

Қазақ

2018 жылғы 11 желтоқсанда Индустрияландыру күні аясында өткізілген жалпы ұлттық телекөпір барысында Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Б.Т.Қажиевке 500кВ «Шүлбі ГЭС (Семей) – Ақтоғай – Талдықорған – Алма» ӘЖ-нің жоғары вольтті желілерін іске қосуға тапсырма берді.

Бұл желілерді салу «Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» транзитінің 500 кВ ӘЖ салу» (шығыс транзиті) атты ауқымды инвестициялық жобасының екінші кезеңі болып табылады.Жобаның бірінші кезең – «500кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен ӘЖ салу» Мемлекет басшысының қатысуымен 2016 жылғы 6 желтоқсанда өткен телекөпір барысында іске қосылған болатын.

Осылайша, «KEGOC» АҚ 2014 жылы салына бастаған саладағы ірі инфрақұрылымдық жобаны толық аяқтады.

Төрт жыл ішінде ұзындығы 1700 км-дан асатын жоғары вольтті желілер, жаңадан үш 500кВ «Семей», «Ақтоғай» және «Талдықорған» қосалқы станциялары (ҚС) салынды. 1150кВ «Екібастұз» ҚС, 500кВ «Өскемен» ҚС қосалқы станцияларында ашық тарату құрылғылары (АТҚ) және 220 кВ Шүлбі ГЭС (ШГЭС) АТҚ кеңейтілді. 500 кВ «Алма» ҚС-да кеңейту және қайта құру жұмыстары жүргізілді.

Жобаны іске асыру маңызды мультипликативтік нәтиже берді. Құрылыста отандық өндірушілер шығаратын жабдықтар мен материалдар: темірбетон бұйымдар, металл тіректер, шоғырсымды-өткізгіш өнімдер, байланыс конденсаторлары, кернеу трансформаторлары, жеке қажеттілік трансформаторлары, релелік қорғау және автоматика панелдері кеңінен қолданылды.

Жобаның аяқталуы электр энергиясын солтүстік электр станцияларынан Қазақстанның оңтүстік аймақтарына дейін жеткізуді 1450 МВт-тан 2100 МВт-қа дейін арттырды. Сонымен қатар, жаңа ӘЖ-лер маңызды тапсырмаларды шешуге, сонымен қатар осы уақытқа дейін электр энергиясы Ресей  аумағы арқылы жеткізілген Шығыс Қазақстан облысымен байланысты күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар тау-кен өнеркәсібінің темір жол және энергия сыйымды объектілерінің электрлендірілетін учаскілерінің электр энергиясы қажеттілігін өтеу қамтамасыз етіледі.

         Шығыс транзитін пайдалануға енгізу жаңартылатын энергия көздерін, атап айтқанда шағын су электр станцияларының дамуына түрткі болады.

         Жобаның әлеуметтік құрауышы да маңызды болып табылады. Құрылыс кезеңінде 1800-ден астам жұмыс орны құрылды, ал жоба пайдалануға енгізілгеннен кейін 84 тұрақты жұмыс орны болады.

Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Жүйелік операторы қызметін атқарады, Ұлттық электр желісінің (ҰЭЖ) активтеріне иелік етеді және басқарады. Негізгі қызмет түрлері табиғи монополиялар саласына жатады. Компания балансында кернеуі 110-1150 кВ ұзындығы 25 000 км электр жеткізу желілері және ҰЭТ құрайтын қуаттылығы 36,7 ГВА трансформаторлар орнатылған 78 қосалқы электр станциялары бар. Компанияда 4,7 мың адам қызмет етеді. Компания туралы толық ақпарат оның корпоративтік Интернет-ресурсында орналастырылған: www.kegoc.kz.