«KEGOC» АҚ спортшылары «Самұрық-Қазына» АҚ VI Спартакиадасының суперфиналына қатысады

Қазақ

«KEGOC» АҚ-ның үздік спортшылары 2019 жылғы 7-8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласының «Алау» мұз айдынында өтетін «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобының қызметкерлері арасындағы VI Спартакиаданың суперфиналына қатысады. 

Ағымдағы жылы Спартакиада алғаш рет екі кезеңде өткізілді. Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша бұл компаниялар тобының барлық қызметкерлерін жұмылдыру және әрқайсысына жеңіске жету мүмкіндігін беру мақсатында жасалды. 

Бірінші кезеңде, 2019 жылғы тамыздың 2-сі мен 25-і аралығында Солтүстік-Шығыс, Орталық, Оңтүстік және Батыс – төрт өңірде іріктеу жарыстары өткізілді. 

Жарыс спорттың 8 түрінен өтті: шағын футбол, волейбол, стритбол, армрестлинг, үстел теннисі, шахмат, киберспорт (Counter-Strike 1.6) және тоғызқұмалақ. «KEGOC» АҚ Атқарушы дирекциясы мен тоғыз филиалының үздік спортшылары өз өңірлерінде суперфиналға жолдама алу құқығы үшін күресті.   

Бірінші кезеңнің қорытындылары бойынша үздік нәтиже көрсеткен «KEGOC» АҚ-ның 123 спортшысы Спартакиаданың суперфиналына шықты.