«KEGOC» АҚ-та кадрлық тағайындаулар

Қазақ

18.12.2015

«KEGOC» АҚ-та кадрлық тағайындаулар

2015 жылғы 10 желтоқсанда «КЕGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен  «КЕGOC» АҚ Атқарушы дирекциясының жаңа ұйымдық құрылымы бекітілді және басқару мен үйлестірудің бірқатар мәселелеріне өзгерістер енгізілді. Басшылықтың шешімі бойынша төмендегідей кадрлық өзгерістер (тағайындаулар) келісілді:

- 2015 ж. 15 желтоқсаннан бастап Оспанов Серік Кеңесбекұлы - Басқарма төрағасының бірінші орынбасары;

- 2015 ж. 11 желтоқсаннан бастап Жазықбаев Бақытхан Медеғалиұлы - Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары;

- 2015 ж. 11 желтоқсаннан бастап Қуанышбаев Әскербек Досайұлы - Басқарма төрағасының ҰЭТ-ты дамыту және корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары;

- 2015 ж. 11 желтоқсаннан бастап Ақмурзин Абат Аманұлы – Филиалдармен және ЕБҰ-мен жұмыс жөніндегі басқарушы директор;

- 2015 ж. 11 желтоқсаннан бастап Бекенов Мұқтар Оңғарбайұлы– Жүйелік қызметтер жөніндегі басқарушы директор.     

 

 

Байланыс ақпараты

Тәуелсіздік даңғ., 59, Алматы р., Астана қ.,
Қазақстан Республикасы, 010010
Тел.: +7 (7172) 690-468, +7 (7172) 690-203
Факс: +7 (7172) 690-455
e-mail: kegoc@kegoc.kz

Компания туралы

«KEGOC» АҚ Қазақстан Республикасының Біртұтас электр жүйесінің (БЭЖ) Жүйелік операторы функциясын атқарады. Компания балансында Ұлттық электр торабын (ҰЭТ) құрайтын кернеуі 35-1150 кВ, ұзындығы 24,9 мыңнан аса шақырымды құрайтын электр жеткізу желілері және  трансформаторларының қондырмалы қуаты 36,2 ГВА болатын  77 қосалқы  электр  станциясы бар. Компанияда  ЕТМ (Еншілес және тәуелді мекемелерді) қосқанда, 4,8 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Компания туралы толық  ақпараттар оның корпоративтік Интернет-ресурсында – www.kegoc.kz  орналастырылған.