«KEGOC» АҚ Талдықорған қ. қоғамдық тыңдаулар өткізді

Қазақ

       2016 жылы 27 желтоқсанда “KEGOC” АҚ Талдықорған қаласында «KEGOC» АҚ «Алматы жүйеаралық электр тораптары» филиалының Алматы облысы Қаратал ауданының шекараларында «Үштөбе орман шаруашылығы» КММ жерлерінде орналасқан 500кВ «500кВ Ақтоғай ҚС-500кВ Талдықорған ҚС» ӘЖ электр жеткізу желілері тіректерін орналастыру үшін 1,3963 га алаңда орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін орман қоры жерлері мен басқа да санаттағы жер санатынан ауыстыру жобасының материалдарына қоршаған ортаға әсер бағасы» тақырыбында қоғамдық тыңдаулар болып өтті.  

Қоғамдық тыңдауларға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының агрохимиялық, топырақ зерттеу және кешенді-іздестіру департаментінің, Алматы облысы мемлекеттік органдарының, «Үштөбе орман шаруашылығы» ҚММ өкілдері, БАҚ өкілдері және Алматы облысына қарасты Қаратал ауданының тұрғындары қатысты. 

Шара барысында жаңа электр желілік нысандары құрылысының техникалық және экономикалық аспектілері, соның ішінде құрылыс және пайдалануға беру кезіндегі қоршаған ортаға әсер ету мәселелері талқыланды. Жиын баяндамашыларының сөзін тыңдап болғаннан кейін қоғамдық тыңдаулардың қатысушылары орман шаруашылығы жерін 500 кВ электр жеткізу желілерінің құрылысына ауыстыру жобасын мақұлдады.   

Тыңдаулар Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес «500 кВ Ақтоғай ҚС – 500 кВ Талдықорған ҚС» 500 ӘЖ құрылысын салу» жұмыс жобасының және ҚОӘБ бөлімінің материалдары бойынша өткізілді.