«KEGOC» АҚ әулеттері» конкурсының қорытындысы туралы баспасөз хабарламасы

Қазақ

15.05.2015

«KEGOC» АҚ әулеттері» конкурсының қорытындысы туралы баспасөз хабарламасы

Биылғы жылдың 15 мамырында 2012 жылы бастау алған «KEGOC»  АҚ әулеттері» конкурсының қорытындысы шығарылды.

KEGOC басшылығы компания табысының ең маңызды құрамдас бөлігі – әлеуметтік жауапкершілік стратегиясының қағидаттарын сақтау деп танитыны баршаға белгілі.

Соның нәтижесінде, 2014 жылы «KEGOC» АҚ республикалық «Сенім-2014» конкурсының «Үздік жұмыс беруші-ұлттық компания» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Компаниядағы әлеуметтік саясаттың тиімділігін KEGOC-тың әлеуметтік тұрақтылық индексі де – 77% растап отыр, бұл көрсеткіш «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялары тобындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады.

«KEGOC» АҚ әулеттері» конкурсы энергетика саласындағы ұрпақтар сабақтастығын жаңғыртуға және кәсіпке деген қызығушылықты арттыруға бағытталған, бұл байқау үш жылда бір мәрте өткізіледі.

Биыл конкурсқа Компанияның 25 еңбек әулеті қатысты.

«KEGOC» АҚ әулеттері» конкурсы қорытындысының нәтижесінде төмендегідей аталымдар бойынша жеңімпаздар анықталды:

1) «Абыройлы әулет» (энергетика саласының дамуына зор үлес қосқан әулет) аталымында Ақылбай әулеті («КЕGOC» АҚ «Алматы ЖЭТ» филиалы) жеңімпаз деп танылды, шаңырақ иесі Үшкен Ақылбай көптеген ғылыми еңбектер мен жарияланымдардың, оның ішінде 20 өнертабыстық ұсыныс пен 20 ғылыми еңбектің авторы;

2) «Дәстүрі берік әулет» (энергетика саласындағы еңбек өтілі ең ұзақ деп танылған әулет) аталымы бойынша Клоповтар-Рассоха әулеті («КЕGOC» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалы) марапатталды, олардың жалпы жұмыс өтілі 193 жылдан асады;

3) «Ұрпақ сабақтастығы» (энергетика саласындағы кәсібін бірізділікпен жалғастырып келе жатқан және «КЕGOC» АҚ-та жұмыс істейтін әулет) аталымында – Стребковтар әулеті («Энергокәсіподақ» ҚБ),  4 ұрпақ бойы жалғасқан, қазіргі уақытта 8 адамды құрап отыр;

4)  «Әулет болашағы»  (энергетик кәсібін таңдап, еңбек етіп жүрген жас отбасы (29 жасқа дейінгі) мүшелерінің үлесі бойынша басым әулет) -  Суесиновтар әулеті, отбасы иесі өз балаларына кәсібіне деген құрметін таныта білген, балаларының төртеуі энергетик болып табылады.

Бұдан басқа, Кадрларды дамыту комитетінің шешімімен Адамовтар әулеті («КЕGOC» АҚ «Орталық ЖЭТ» филиалы) «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында Еңбек әулеттері күнін мерекелеуге қатысатын әулет ретінде анықталды.



..